0 дауыс
556 көрілді
- ұйыҚтап жатқан адамды неге суретке түсіруге болмайды?
- Кей кезде неге түсiң өңiңе айналғандай болады?
- Гоголь неге өзінiң "өлі жандар" кiтабының 2 шi томын өртеп жіберген?
- Қазақстанның ғалымдарының қандай өнертабысы әлемдi таңғалдырған?

3 жауап

0 дауыс
Жалпы бұл ырым фотографтар арасында сондай-ақ қарапайым халық арасында да кеңінен тараған. Әсіресе бұл ырымға жаңа туған нәрестелердің аналары аса бір үлкен үреймен қарайды. Аталған ырымның шығу тарихы неде және не үшін ұйқыдағы адамды суретке түсіруге болмайды?

XIX ғасырда Еуропада өлі адамдарды ұйықтап жатқан секілді суретке түсіру дәстүрі болған. Өлгендерді әдемі киіндіріп, төсекке жатқызып немесе креслоға отырғызып суретке түсіретін болған. Өлі адамдардың үстел басында отбасы мүшелерімен бірге шай ішіп отырған кейіптерін де жиі көруге болатын. Қазір адам басына қонбайтын мұндай іс-әрекеттер сол кезде үйреншікті нәрсе болып есептелген. Аталған ырымның шығу тарихы да осыдан - көздері жұмулы, ұйықтап жатқан адам секілді кейіппен суретке түсірілгендер өліктер болған.

Жоғарыда айтылған ырымға байланысты неліктен ұйқыдағы адамдарды суретке түсіруге болмайтынын байқауға болады. Ырымға сенетін болсақ, ұйқыдағы адамды суретке түсіретін болса, ол адам ұзақ өмір кешпейді-міс. Неге десеңіз, ол  өзіне мұндай кейіппен өлімді шақыратын болса керек.

Халық арасында кеңінен таралған тағы бір нұсқаға көз жүгіртер болсақ адам ұйқыға батқан кезде оның жаны денесінен шығады екен. Осы уақытта адамды суретке түсіретін болса, адамның энергетикасына кері әсерінін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ фотоаппарат жарқылдағынан ұйқыдағы адам қатты шошып оянуы да әбден мүмкін.

Жоғарыда айтылған ырымға сеніп-сенбеу әрбір адамның жеке ісі, бірақ бұл ырымның қайдан және қалай пайда болғанын енді білетін болдыңыздар.
0 дауыс

- Ұйықтаап жатқане адамды суретке түсіруге болмайды деген жәй әншейін ырым ғой, талай адамның ұйықтап жатқан суретері бар емес пе

- Ол жәй ұйқының ерекше жағдайы ғой, адам ұйықтағанда ми толықтай демалмайды, кейбір бөліктері толықтай жұмыс істеп тұрады

- Гоголь өмірінің соңғы жылдарында (әсіресе әйелі қайтыс болғаннан кейін) психикасы нашарлап, депрессияға ұшыраған, сондай кездерінде Өлі жандардың 2 томын өртеп жіберген

- Қазақстанның ғалымдарының әлемге танымал жаңалықтары көп, негізі

 Енді мен сізге сұрақ қояйыншы, бұл қойылып отырған төрт сұрақтың бір-біріне қандай байланысы бар  (сұрақтардың байланысын табам деп мыйын қатып кетті ғой)

Бұл сұрақтардың бір-біріне ешқандай байланысы жоқ сияқты.......Мен бұл сұрақтарды ВКдағы бір стенадан көргенмін. Осы сұрақтарды ♔ Ә Тәк Бәрі Тәщқо ♔ таба аласыз.
0 дауыс
Маа кызык екен биринши сурагыныз жай аншейин ырым онда тук катысы жок
...