0 дауыс
15.1k көрілді
Қыздың жүрегін қалай жаулауға болады?

7 жауап

0 дауыс
Қыз жүрегін жаулаудың мына тәсілдері қажетіңе жарап қалар:


1. Қандайда бір қызға ұнау үшін ең алдымен оның көзіне тіктеп қарау керек. Егер ол да сенен көзін айырмаса, онда жұлдызың жануы мүмкін. Егер, қыз көзін айырмаған қалпы күлімсірей қараса, бағың бар жігітсің.

2. Барлық қыздарға бірдей ұнаймын деп жанталасудың қажеті жоқ. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді», деген мақалды махаббат машақатына ұрынғандарға да қаратып айтуға болады. Сондықтан, бір қызды таңдадың ба, соның жүрегін жаулауды ғана ойла.

3. Қыздың өзін ханшайым сезінуіне жағдай жаса. Оның бәрінен де сұлу, бәрінен де көрікті екенін сездірсең, келесі кездесуден бас тартпасы анық. Бірақ, тым артық кетіп жүрме.

4. Барлық жағдайда шынайы болуға тырыс. Өзіңді жақсы жағынан көрсетемін деп, тым қызбаланып, мақтанып кетудің, шашылып-төгілудің қажеті шамалы. Қыздар мақтаншақ жігіттерді ұнатпайды.

6. Түнгі клубтар мен барлар – танысуға қолайлы жерлер емес. Ондай жерде жүретін қыздар жігіттердің жанарын аулап үлгерген және соған машықтанып алған. Сенің әрекеттерің сәтсіз аяқталуы мүмкін.

7. Егер қыз қарым-қатынас жасауға құлықты болмаса, қайта-қайта мазасын алып, кездесуге шақырып мезі етудің де реті жоқ.  Бір-екі рет кездесуге шақырғаннан бас тартқан қыз «Келесіде міндетті түрде барамын» деп өз өзіне сөз береді. Сондай уақытта, сенің де шегініс жасағаның оның ойландырып тастайды. Кейінірек, «сенімен бір кездесуді күтіп жүр едім» деп телефон соқсаң болғаны.
Дерек көз: http://massaget.kz/
0 дауыс
Қызға ыңғай білдірместен бұрын оны зерттеп алу керек деп ойлаймыз. Арудың психологиясын, таным түсінігін ұққаннан соң жоспар құрып, іске кіріскен жөн болады. Олай болса, қазақ қыздарының ойлау жүйесін саралай отырып жасаған кішкене зерттеуімізді қабыл алыңыздар.

Бірінші әдіс - "Қос көгершін" әдісі. Бұл әдістің принципі қызға барынша жақсы сөздер мен ықыласыңызды танытуға келіп тіреледі. Яғни, реті келген тұста ер-жігіт мақтау айтып, қыздың керемет екендігін есіне салудан тайсалмауы тиіс. Көпшілік жерде бір жүргенде міндетті түрде қасынан табылып, бар құрмет пен қошеметін көрсетуі керек. Осылайша, әрдайым қыздың қасынан табылып, жылы сөздерді аямай, бар еркеліктерін орындау арқылы қыздардың бір тобының көңілінен шығуыңыз мүмкін.

Екінші әдіс - "Қашқын". Көңіліңіз ауған қызға бірнеше күн бойы хабарласып, көңіліңіздің бар екендігін еппен білдіріңіз. Киноға, кафеге, паркке шақырып, барынша көңілін аулауға тырысыңыз. Осылайша, қыздың көңілі бері қарады-ау дегенде 2-3 күн хабарласпай, ұшты-күйлі жоқ болып кету керек. Сізге бауыр басып қалған қыз, әлбетте, жан-жүрегімен сізді іздейтін болады. Күтетін болады. Бірнеше күн өткен соң телефон шалып, халін сұрағаныңызда, ол ару ескі досын кездестіргендей қуанатыны анық.

Үшінші әдіс - "Тасадан келу". Кейде ұнатқан қызыңыз тым тәкаппарлық танытып, сізді елмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда осы үшінші әдіске жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Қыздың жақын достарымен жақсы араласып, өзіңізді жақсы жағынан барынша көрсетуге тырысыңыз. Ару сіздің керемет адам екендігіңізге көзі жетіп, білген соң, өзі сізге қадам жасап, ыңғай білдіре бастайды. Тек сол сәтті қал жіберіп ала көрмеңіз.

Арудың табиғатын зерттей келе, осы әдістердің біріне тоқталып, бағыңызды сынап көруге кеңес береміз.
0 дауыс
Қыз жүрегі сыр бүккіш. Талай сырды тұйық сақтап, білмегенсіп, сезбегенсіп іште ғана түйеміз. Орынсыз әзіл айтқан кейбір ұрыншақ жігіттерге тіл қатынастан көзімізді бір төңкеріп, іштей күліп тұратын да кездеріміз болады. Осындайдан оңай ұғып, біз туралы кейбір кезде арзан сындар айтыла салатыны да мәлім. Сыр - адамның жан дүниесі ғой, оны ұғу оңай боп па. Білмейді деп біреуге сын тағудың өзі қиын. Ішімдегіні ойлап тап деуден аулақ болғым келеді менің. Ішке түйген сырды сыртқа да бір шығарып көрген дұрыс. Мүмкін сырым қыз бойына лайықсыз, анайы боп көрінер. Мұның несін айтасың деп кейбір қыздар намыстанып, мін тағар. Тақса тақсын, оған да мен көнемін. Жалғыз-ақ, солар сынау, мінеу оңай да, ал бар қиындық адам жанын білуде екенін ұғына білсе болғаны. Өз басым кемшілікті жасырып, жақсы болғым келмейді. Сондықтан да қыздарға тән тұйықтықты былай қойып, бар шынымды, бар сырымды алдарыңа саламын, құрбыларым....... Мұқан Иманжанов "Қыз сыры"
0 дауыс
Бұл менің де басымды қатырып, ауру қылған сұрақтың бірі. Мен Психолог пен Шыңғыс айтқанның бәрін жасағанмын. Нәтиже бергенін білмеймін. Қазір енді сол қыз соны біле алдыма, мен қарата алдым ба соны білмей жүрмін. Ойларыңыз болса пікір қоса кетіңіздер. Ал сізге келсек бәрі жауап бергенменен, түгелдей дерлік өзіңізге байланысты. Өзіңіздің әрекет біледі. Жоғарыдағылар дұрыс. Бірақ ол дұрыс келмеуі де мүмкін дегендей.
0 дауыс
Әр қыздың психологиясы әр қалай, кейбір қыздар жігіттердің сырт келбетіне қараса, кейбіреулері мінез-құлқына қарайды, сондықтан да жоғарыда айтылған әдістердің бәрі көмектеседі деп ойламаймын. Сонымен қатар қыздарға мақтаншақ жігіттер, чересчур қызғаншақтар және де көшеде жүріп бара жатып, немесе кездесуге барғанда түкіріп тұратын, небрежно жүретін жігіттер мүлдем ұнамайды. Егерде осындай болсаңыз,  қыздардың жүрегін жаулай алмайсыз.
0 дауыс
Ассалаумағалайкум, мен қызға сөз салдым қызды өте жақсы білем ол маған əлі жауап берген жоқ ол сонда нені білдіреді бірақ күнде мен оны көремін ода мені көреді сонда не істеуге болады ақыл айтып жіберіңдерші
0 дауыс

Кеш жарық

менің айтайын дегенім , бір кыз бар еді құрбысынан менің есімімді сұратып жіберді  мен айтым, келесіде вконтакте ге кіресің бе депсұрады я деп жауап бердім.

Сосын өзім вк дан таптым салем дедім ол салем діді маған сұарақ қойсам болама деді и жүріп жүрген қызың бар ма деді мен жок дедім өзінен сұасам жігіт бар деді, жігіті болса неге менен кызың барма деп сұады неге есімімді сұратып жіберді осыган көмектесіп жіберіңіздерші 

...