Алғаш болып Қазақстан атынан кортқа шыққан Михаил Кукушкин Симоне Болеллимен күш сынасып, үш сетте қатарынан жеңіске жетті, есеп 7:6, 6:1, 6:2. Ал екінші ойында Андрей Голубев Андреас Сеппиге есе жіберіп алды. Алғашқы екі сетте отандасымыз 3:6, 3:6 есебімен жеңілгенімен, үшінші сетте тай-брейкте басым түсті. Бірақ, төртінші сет италиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Есеп 2:6. Нәтижесінде жарыстың бірінші күні өткен екі кездесу қорытындысы бойынша 1:1 есебі тіркелді.