0 дауыс
649 көрілді
Саламатсыздар ма?  Мениң соңғы кезде шашым жұқарып, сал сарғайғайып жан жағы тікірейіп кеткен сиякты ! Коктем асер етип жур ма соңғы кезде жумыстан босамай, демалыс ұйқының жеткиликсиз болуынан ба? себебин нақты билмедим. Шаш адамның корки демекши шашын өңін жоғалтса да жаман көринеди екен !  Мұның себебин билсеңиздер сиздерге отиниш жауап бересиздер ме? Рахмет алдын ала!!!

3 жауап

+1 дауыс
Шаршап шаш күтімсіз қалғаннан да болады,дәрумен жеткіліксіздігінен де болады және қыс ауасында және аптап ыстықта да шашты қорғап жүру керек.Анда-санда үйдегі қолда бар айраннан маска жасап қойсаңшы немесе зәйтүн майын жағып тұр аптасына 1 рет
+1 дауыс
Шаштың түсу себептері:

1. Температура
Біз көбіне аязды күндері бас  киімсіз жүреміз немесе жылы бөлмеде (метро, кинотеатр т.б) бас киім киіп отырамыз. Бұл дұрыс емес! Бас киімді де орынды кию қажет.
2. Дұрыс емес күтім
- Біріншіден, шашты тарау. Дұрыс таңдалған тарақ бас терісіне жұмсақ массаж жасау арқылы қан айналымын дұрыстайды. Сондықтан күніне бірнеше минут (әсіресе ұйқы алдында) шашты әртүрлі бағытта тарап тұрған абзал.
- Екіншіден, дұрыс таңдалған  шампунь мен бальзамдар. Мамандар шаш күтіміне арналған шампуньдер мен бальзамдарда жазылған «нығайтады» деген жазу құр сөз емес екендігін айтады. Шындығында да олардың құрамындағы түрлі қоспалар шаштың түсуін азайтып, тіпті тоқтатуға септігін тигізеді. Мысалы, женьшеннің қоспасы болса ол бастың өмірлік клеткаларына әсер ету арқылы шаштың қайратты болуына көмектеседі. Ал қалақай, түймедақ, жалбыз қоспасы болса шаштың өсуіне әсер етеді.
3. Дұрыс тамақтанбау (диета)
Күнделікті ішіп-жейтін  тағамдарда ақуыз бен темірдің көп болғаны дұрыс. Майсыз құс еті, сиыр еті, үрмебұршақ, сүзбе, көк-өністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені ағзадағы C, B5, B6, PP дәрумендері, темір, мырыш, кальций мен магний аз болса шаш түсе бастайды.
4. Темекі шегу, ішімдік ішу
Шашыңыздың әдемі  болғандығын, жалпы денсаулығыңыздың мықты болғандығын қаласаңыз темекі шегу, ішімдік ішу сынды зиянды әдеттерді тастаңыз.
5. Бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі
Денсаулыққа байланысты  кез-келген проблема бірінші орында шашқа әсер етеді. Солардың ішінде бауырдың дұрыс жұмыс істемеуі ең бірінші орында шаш пен тырнақтан білінеді. Бауыр сау болуы үшін жаңғақ, зығыр майы, майсыз балық және табиғи сүзбе жеп тұру керек.
6. Күйзеліс
Аяқ асты салмақ тастау, операция алдындағы салынатын наркоз, эмоционалды уайымдардан соң 1-2 айдан кейін шаш түсе бастайды. Құрамында магниі бар бидай, асқабақ пістелері, ақжелкен, картоп сынды тағамдар күйзелістің алдын алып, шашты қайраттандырады.
5 ши жауабын маган сайкес келип жур содан да болар...
+1 дауыс
Ешқандай бальзам пайдаланбай тек шампуньмен жуа бергеннен де осылай болады, витаминный комплекс ішіп жүріңіз көктемшілік уақытта, шашға арналған Е дәрумені бар бальзамдарды пайдаланыңыз.
...