Кім асырап алына алады?
Кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-анасының бірі немесе екеуі де:
қайтыс болған;
баладан бас тартқан;
ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;
баланы асырап алуға келісім берген;
сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
беймәлім балалар жатады.
Тууы тиісті дәрежеде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады. Сондай-ақ бала асырап алуды баланың толыққанды физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескерумен олардың мүддесінде ғана жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, толығу дәрежесі және асырап алуға келісімі ескеріледі.
Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.
Әр түрлі отбасыларға ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілерді асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда асырап алу егер балалар өзінің туысқандығы туралы білмесе, бірге тұрып, тәрбиеленбесе ғана мүмкін.
Қазақстанда бала асырап ала алмайтындар:
1) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;
3) сотпен ата-ана құқығынан айрылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген адамдар;
4) ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерінен шеттетілген адамдар;
5) егер асырап алу олардың кінәсы бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;
6) *денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар *;
7) тұрғылықты жері жоқ адамдар;
8) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;
9) асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар (онлайн соттылықтың болмауы туралы анықтама алу);
10) азаматтығы жоқ адамдар;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айрылуына байланысты үш жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер адамдар;
12) асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
13) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.
Бұл жерде жұп бір баланы тәрбиелеу үшін міндетті түрде некені тіркеу керектігін білу керек. Жұпқа некеде болмай, бір баланы асырап алуға болмайды.
Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпаңыз. Асырап алушы мен асырап алынатын баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта негізді деп танылған себептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін.
Баланы ерлі-зайыптылардың бірі асырап алғанда, егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі де асырап алмаса, екінші ерлі-зайыптының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл жерде егер ерлі-зайыптылар отбасылық қарым-қатынастарды нақты тоқтатса немесе 1 жылдан артық бөлек тұрса, онда рұқсат талап етілмейді.