Түркістан Қуаныш базары өртеніп жатыр ма?

+1 дауыс
2.9k қаралым

Түркістан қасындағы Қуаныш базары өртеніп жатыр ма? Түркістандағы базардың өртенуіне не себеп? Туркистан базар ортену.

қуаныш базар, түркістан базар

қуаныш базар, түркістан базар

қуаныш базар, түркістан базар

қуаныш базар, түркістан базар

• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+1 дауыс






Астана. 2 наурыз. Baq.kz – Бүгін таңғы төрттер шамасында Түркістандағы "Қуаныш" орталық базары өртенді деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жалынды ауыздықтауға 16 дана негізгі өрт сөндіру техникасы, 134 жеке құрам мен өртті сөндіруге су жеткізіп тұру үшін «Ақжол» және «Түркістан су» ЖШС-терінен 2 дана 20 және 8 тонналық көліктер жұмылдырылды. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға салдарынан аталған базардың бір кәсіпкері дене күйігін алып, Түркістан қалалық ауруханасына жеткізілді. Өрт орнын оқшаулау және базардағы мүліктерді талан-таражға түсірмеу үшін Түркістан қаласының Ішкі істер басқармасынан 231 қызметкер жұмылдырылған.
Қызыл жалын 7 сағат 48 минутта оқшауланып, 09 сағат 37 минутта толықтай сөндірілді.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Анықтау жұмыстарын ОҚО ІІД қызметкерлері жүргізуде.

Дерек көз: http://baq.kz/kk/news/61592

Түркістан базарында өрт шықты (видео): http://alashainasy.kz/okiga/turkstan-bazaryinda-ort-shyiktyi-video-64509/

http://today.kz/kz/

http://bnews.kz/kk/news/post/255976/
Белгісіз
0 дауыс
Өртеніп кетіпті ташкентский базар жағы екен.нағыз дәл ортасы ғой.танысым айтты біраз жер өртеніпті.Тағы ең арзандатып сататын жағы еді
Белгісіз
0 дауыс
Менің естуім бойынша, өртеніп кетіпті. Ал не себепті өртенгені белгісіз...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,784 сұрақ
322,364 жауап
153,150 пікір
72,823 қолданушы