Осы сайт админстраторының ашқан Термин.kz сайтының көмегі тиеді.
Уәжді -
- айтары бар, ұрысқа, сөйлеуге сылтауы бар адам;
- табыс септіктегі сөз, уәж+ді құрылысы бойынша жасалған;
- дұрыс, нақты айтылған сөз, мысалы "бұл сөзің уәж екен" - бұл сөзің дұрыс екен деген мағынада.
Сеңдей сіресіп - өте көп болып, үйіліп, жасанып, қатайып, бір нәрсеге дайын, тас-түйін болып тұру.
Мұздай құрсанып - бақайшағына дейін қаруланып тұру, көп мөлшердегі жақсы даярланған әскерге, немесе бес қарулы батырларға арналып айтылады.
Түйін-түйткіл - шешілмеген, қордаланып қалған мәселелер, көңілдегі ойлар.
Күй сайысы - домбырамен немесе қобызбен шерту арқылы әуен айқасы.
Түнеріп тұрған - ашулы кейіп таныту, бітімге келмейтін түр білдіру. Мысалы - "Жауар бұлттай түнеріп".