Дүниежүзіндегі ең атақты көріпкелдер.
Ғаламда ерекше қасиеті бар адамдар саны аз емес. Солардың бірі - Копперфилд пен Гудини секілді ерекше феномені бар адамдар. Олардың бойындағы ерекше қасиеттерін ғалымдар бар біліктіліктерін сала отырып, көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сол себепті ғылымда «Геллер әсері» немесе «Джуна феномені» сияқты терминдер кездеседі. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі мен қызықтығына сәйкес біз сіздерге топ-10 ерекше адамдардың тізімін бермекпіз.
1. Нострадамус
Мишель де Нотрдам 1503 жылы 14 желтоқсан күні Сен-Реми қаласында дүниеге келіп, 1566 жылы 2 шілде күні өмірден озған. Нострадамус 10 центурия (942 катрен) және Сезар баласына және король Генрихке алғысөз ретінде хат қалдырған, одан бөлек 1555 жылдан бастап ретсіз жазылған жыржинақ жазып кеткен.
Халық Нострадамусты жаман көреді де, мақтайды да және сын көзбен де қарайды. Баз біреулер оны көріпкел деп есептейді. Ал екіншілер болса, оның айтқандарын жоққа шығарады.
Нострадамус жазбалары сырбазды өлеңдер мен сандық материалдарды қамтиды. Ол өзінің көріпкелдігін аспандағы жұлдыздардан алған деседі. Көріпкел астролог ғылымының шілігін шаққан. Оның санмен және әріппен қалдырған құпия шифрын ашу әртүрлі жолмен іске асырылады. Ал жауабы табылған болып кеткен оқиғаларға таңдай қағасын.
2. Авель, көріпкел-монах
Авель 1757 жылы 18 наурыз күні Тульс облысында Акулово ауылында туылған. 1841 жылы қарашаның 29 күні Спасо-Евфимьев монастырында дүниеден қайтқан. Көріпкел-монах Екатерина II, Павл I өлімін және Мәскеу қаласының француз қолдарынан өртелетінін айтқан. Авельдің айтуынша, ол белгісіз бір дыбысты есту арқылы өзінің алдағы істері мен болжамдарын жасаған.
3. Гарри Гудини
Эрик Вайс 1874 жылы 24 наурызда Будапешт қаласында өмірге келген. Ол көпшілікке«Гарри Гудини»есімімен танымал. Ұлы сиқыршы іш пердесінің қабынуынан 1926 жылы 31 қазан айында Хэлоуин қарсаңында қайтыс болған.
Ол темір тордың ар жағынан, жүк контейнерінен және үлкен қағаздан жасалған қаптан (қағазды жыртпай) оңай, зақымданбай шыққан. Иллюзионист темір қазаннан да шығып кетудің жолын білген. 1918 жылы Гарри Нью-Йорк қаласында пілдің із-түссіз жоғалып кетуін көрсеткен. Сонымен қатар ол карта шебері болған.
4. Вольф Мессинг
Вольф Мессинг 1899 жылы 10 қыркүйекте дүние есігін ашып, 1974 жылы өмірден қайтқан. Ол 11 жасында үйінен қашып, Берлин қаласына барады. Онда невропатолог ғылымының профессоры Абель бойынан ерекше қабілет табады.
1937 жылы Вольф Мессинг Польша қаласында жұрт алдында тұрып, «Германия елі Польшаға шабуыл жасаса не болады?» деген сұраққа жауап береді. Оның берген жауабы: «- Егер Гитлер бағытын шығыс жаққа бұрса, онда Германия тас талқан болады» деген. 1953 жылы Мессинг Сталинның еврей мейрамдарының бірінде өлетінін айтқан.
Мессинг жұрт алдында әртүрлі шоу бағдарлама арқылы үлкен танымалдылық пен көп ақшаға қол жеткізген. Ол ешқандай сиқыр жасамаған. Көрермендер жай ғана оған сұрақтар қойған.
5. Ванга
Ванга (Вангелия Пандева Гуштерова) 1911-1996 жылдар аралығында өмір сүрген. Ванга – болгар көріпкелі. Оның арқа сүйеулерінің айтуынша, Ванга аурудың түрлері мен адамдардың тағдырын аса жоғары дәлдікпен болжаған.
6. Ури Геллер
Ури Геллер 1946 жылы 20 желтоқсанда Тель-Авивте дүниеге келген. Ол – атақты иллюзионист және балгер. Ури Геллер темір қасықты майыстыратын және Лондан қаласындағы Биг-Бен сағатын тоқтататын нөмірімен танылған. Геллер өзінің шоу бағдарламасын 35 жасынан бастап тоқтатқан. 2007 жылы «Магия әлемі» журналында: «- Мен енді өз бойымда ерекше қабілет бар деп ешкімге айтпаймын. Мен жай ғана эстрадалық сиқыршымын. Маған керегі сапалы шоу ғана. Менің мінезім қатты өзгерді» деп сұхбат берген.
7. Джуна
Джуна Давиташвили 1949 жылы 22 шілдеде туған. Ғалымдардың айтуынша, Джунаның қолы тиген жер оймауыттар әсерінен тез жазылады екен. Ауруының беті жылдам қайтады. Ол институт ғалымдарына сан алуан қызықты нәрселер көрсеткен. Бірақ оның сыры әлі күнге шейін белгісіз.
8. Дэвид Копперфильд
Дэвид Копперфильд 1956 жылы 16 кыркүйек күні дүниеге келді. Дэвид 18 жасынан бастап АВС телеарнасынан көрсететін «Дэвид Копперфильд сиқыры» бағдарламасын жүргізген. Кейіннен одан ары танылып CBS арнасына шыққан. Ең мықты сиқырларының бірі – ұшақтың жоқ болуы. Одан соң жұрттың көзінше «Бостандық мүсінін» көзден ғайып қылған.
9. Крис Энджел
Крис Энджел 1967 жылы 19 желтоқсан күні өмірге келген. Оның жасайын нөмірлері қисынға мүлдем жанаспайды. Ол өзінің әр бағдарламасында жаңа образдар, кейіпкерлер мен тылсым әндерді пайдаланды. Кристың қабырғада жүретін, ұшатын, жанатын трюктері бар.
10. Дэвид Блэйн
Ол 1973 жылы туылған. Дэвид Блэйн - көше сиқырының хас шебері. Дэвидке танымалдылық"youtube"желісі арқылы келген. Сиқыршы көшеде жасаған сиқырларын видеоға түсіріп, ғаламторға жариялап отырған.
Дерек көз: http://massaget.kz/