Елім-ай әнінің авторы кім?

0 дауыс
24.3k қаралым
Елім-ай әнінің авторы кім?

ол ән халқ әні емес екен
• Санаты: Мектеп

7 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725 ) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. "Қаратаудың басынан көш келеді" өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған - М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтүрсынұлы, Ж.Доскараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор- танушы М.Оразаев тапсырған нұсканы Ы.Дуйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уакатов, Г.Турсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұскасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш акынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жок. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен катар, әдемі де әуезді әуенге құрылған.

[1]
0 дауыс
ия, ол "ақтабан шұбырынды" кезінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан ән
0 дауыс
Әртүрлі пiкiр қалыптасқан.  Бiр кітапта халық әні десе, келесі бiр тарих  оқулыгында Кожаберген жыраудiкi делiнген. Осылай адамды шатастырады.  ҰБТ күні дәл осы сұрақ келмесе екен))
Белгісіз
+1 дауыс
Ол туралы нақты дерек жоқ.Бірақ менің ойымша халық әні
Дұрыс айтасыз, авторы-халық
0 дауыс
Елім-ай әнінің авторы- халық
0 дауыс

елім-аи өлеңінің авторы Қорқыт ата.  

0 дауыс
Қожаберген жырау

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы