Түшкіру
Медицина ғылымдарының айтуынша, мұрын қуыстарына көптеген микробтар мен шаң жиналып қалса, ғылыми тілде айтқанда, «мұрын қуысы арқылы спазмалық түрде тыныс алу» болады. Басқаша айтқанда, қатты әрі тез шыққан түшкірік мұрындағы бөгде заттар мен артық шаңдарды ауаға итеріп шығарады.
«Негізі адам күніне бір тет түшкіруі керек, ал егер сіз күні бойы түшкіріп мазасыздана бастасаңыз, онда сіздің тыныс жолдарыңызда бірдеңе дұрыс емес. Қас жұлып отырып түшкіретіндер де бар екен. Соған қарап түшкіруге әсер ететін нерв талшықтарының қаста орналасқынын анықтадық», - дейді дәрігерлер.
Арамызда күнге қарап түшкіретін де адамдар бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл күнен түсетін көкшіл сәулелердің әсерінен болады екен.
Ен бастысы түшкірген кезде ауызыңызды бет орамалмен жабуды ұмытпаңыз. Себебі біз түшкіргенде айналамыздағы адамдарға әсер ететіндей ауызымыздан 160км/сағ жылдамдықпен мыңдаған бектериялар ұшады екен.