"Астана-арена" стадионы. 2009 жылы 3 шілде күні ашылған. 30 000 адамға арналған. Төбесі ашылып, жабылады. Осы «шатырының» ауданы – 10 000 шаршы метр. Мұндай стадион әлемде алтау-ақ. Шетелден келгендер таңдайларын қағып, тамсанады. Себебі мұндай стадион көп елде жоқ. Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Локомотив» футбол клубы үйдегі ойындарын осы стадионда өткізеді. Басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Сарыарқа велотрегі. 9200 адамға арналған орын бар.
Медеу Спорт Кешені - жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. 8500 адамдық орны бар.
Алматыдағы Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол – Балуан Шолақ атындағы сарай. 1967 жылы ашылған сарайда 4 мінберлі 6 мың орындық үлкен зал, жасанды мұз жасайтын бөлімі бар мұз аренасы жұмыс істейді.
«Қазақстан» спорт сарайы. Ауданы 1800 шаршы метрлік (60х30) мұзайдын Швецияның «Нордик» фирмасының өнімі болып табылады. Мұнда өткізілетін шайбалы хоккей матчтары мен басқа спорт түрлері сайыстарын (мәселен, бокс жекпе-жектерін) 5000 адам тамашалай алады. 10 жолақты бассейн – еліміздегі ең тәуір хауыздардың бірі. Хауыздағы су итальяндық технологиямен тазартылады. Тренажерлік залында шведтік «Нордик» және украиналық Vasil Gum фирмаларының жабдықтары орналастырылған. «Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккей, айкидо, дзюдо, каратэ, спорттық би секциялары жұмыс істейді