0 дауыс
24.0k көрілді

Сүйел, орысшасы (МОЗОЛЬ). Сүйел шыгудан, қаншама адамдар зардап шегуде. Сүйел не себепті шығады?  Мысалы қолға сүйел шықса оны кислотамен кетіруге болады, ал көздің үстіне шықса қалай кетіруге болады? Осы ауру зерттелгенбе? емі қандай? қандай дәрі-дәрмек, қолдануға болады. Кішкентай балаға !!!

5 жауап

+3 дауыс
Сүйел – папиллом вирусының әсерiнен терiде пайда болатын түйiн. Бiрақ оның адам денсаулығына орасан зияны жоқ. Сүйел адамның дене мүшелерiнiң барлығына, тiптi ауыз қуысы мен үрпi жолдарына да шыға бередi. Қазiргi медицинада сүйелдi жоюдың бiрнеше әдiсi бар. Ең эстетикалық жолы – лазер сәулесiмен сылу. Екiншi әдiс – электр тогының жоғарғы жиiлiгiн пайдаланып, жою. Сүйелдi кейбiр дәрiгерлер азот ерiтiндiсiнiң көмегiмен жұлып, тазалайды. Бұл айтылғандар – оны емдеудiң қауiпсiз жолдары. Қазiргi хирургияда сүйелдi қандауырмен кесiп, кейiн орнын тiгiп тастау әдiсi де бар. Бiрақ бiлiктi дәрiгерлер бұдан сүйелдiң қайта өсiп шығуы мүмкiн екенiн айтады. Сондықтан дәрiгерге көрiнгенде сүйелдi лазер, электр тогы немесе азот ерiтiндiсiмен сылуды өтiнгенiңiз жөн.
+1 дауыс

Рахмет үлкен ол Шымкент қаласында бар шығар

+1 дауыс

Бірінші 1 көзіне шықты енді көбейіп мазалап барады....

Зияны жоқ болса жоқ шығар . Бірақ өте ыңғайсыз
+1 дауыс

сүйел мозоль емес . сүйел деген БОРОДАВКА . кетедіғо 1 жылға жетпей.  Чистотело деген дәрі кислота жақсы.

0 дауыс
Сүйелдің емі бар. Сүйел емі деп интернеттен іздесеңіз толып тұр. Көздің үстіне шыққанан зияны жоқ. Тек біртүрлі көрінеді, сезіледі.
...