0 дауыс
489 көрілді
Күніңіздің көп бөлігін қандай сайттарда өткізесіз?
Сізге қандай темадағы сайттар қызықты?
Қандай сайт ашылғанын қалар едіңіз?

10 жауап

+1 дауыс
Саясат жайлы білгім келсе- Азаттық Радосына,

Қызықты мәліметтер алғым келсе, оқығым келсе Массагетке,

Ал сұрақ-жауап болса осы сайтқа. Бұл үшеуі мен үшін сенімді сайттар.
+1 дауыс
Шыны керек осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде уақытты көбірек өткізуші ем, ал қазір осы сайтта жиі отырам. БлогТайм, Массагет, т.б сйттар
+1 дауыс
Өзіме пікірталас сайттар ұнайды. Ол жерде өз пікіріңді анық, өз тіліңде  жеткізе бiлу қабілеті артады.
+1 дауыс
Мен массагет кз сайты мен нур кзны көп қараймын.....
+2 дауыс
Мен осы сайтқа жəне вк-ға көп кіремін. Пайдалы сайт болса болды ғой. Қазақшасы бар тіл үйрететін сайттар болса. Мысалы Қазақ тілін білетін адам ағылшын тілін үйрететін болса. Əңгіме дүкен құрып, білмейтініңді қазақша сұрайтын. Қазақтарға орыс тілін үйрететін деген сияқты. Қысқаша айтқанда қазақтардың (қазақшадан басқа тіл білмейтін адамдарға) басқа тіл үйренуге жағдайын жасаса деген едім. Мен тіл үйренуге келгенде осы жағынан қиналған едім. Жəне басқа да адамдар осы жайлы сұрақтар қойып жатады.
+1 дауыс
Мен Программалары көп сайттарға кіремін өте пайдалы. Мысалы "TFile.me . www.Torrentino.com" тағы сол сияқты
0 дауыс
СЖ сайтында отырамын және google.kz-тен, Яндекстен жұмысқа қатысты әртүрлі ақпараттарды іздеймін. Көбіне радиотехника, байланыс саласына қатысты ақпараттар яндекстен табылып жатады. Сондай-ақ Фейсбук әлеум. желісіне, ВК-ға  , nur.kz-ке жаңалықтар қарау үшін кіремін. Инстаграмда да қызық ақпараттар бар, бірақ ол жақтан әншілердің өмірі туралы емес, спортшылардың, Бауыржан Әбішев сияқты каскадердің, Фараби Давлетчин сияқты айкидоист, фитнес-тренер, сосын әртүрлі уролог, тіс дәрігері сияқты аккаунттарға жазылғанмын.
0 дауыс
www.szh.kz

www.infrom.kz

www.mail.ru

www.google.kz

www.bnews.kz

www.nur.kz

www.kiwi.kz
0 дауыс

Мен негізінен, Вконтакте, Инстаграм және де осы Сұрақ- жауап сайтына көп кіремін.

0 дауыс
Кейінгі кезде мүлдем интернетке кірмейтін болып кетіппін) 2-3 күнде бір вкға , аптасына 1 рет СЖ-ға кіремін.  Негізі  СЖ,Массагет , Айтабер сияқты қызықты , пайдалы блогтар жазылатын сайттарға кірген ұнайды. Тіл үйрететін лингуст сияқты сайттар мен бьюти-блогерлардың видеоларын көп қараймын.
...