Өзбекстандық шабуылшы Александр Гейнрих алдағы маусымда шымкенттік «Ордабасының» намысын қорғайтын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі мен уақыты белгісіз қалып отыр. Өзбекстан құрамасында ойнаған Александр Гейнрих үшін Қазақстан премьер-лигасы таңсық емес. Ол осыған дейін 2012-2014 жылдар аралығында «Ақтөбе» командасының намысын қорғаған болатын. 52 кездесуге қатысып, 15 голдың авторы атанған. Осыған дейін павлодарлық «Ертіс» те бұл ойыншыны қатарларына қосатыны туралы айтылған еді. Бірақ, аса қатты емеурін танытпағаны белгілі болды. Оны футболшының өзі растап отыр.