0 дауыс
789 көрілді
Архимед күшінің шамасын анықтауға болатын қандай тәжірибені білесіңдер?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Биіктігі һ табанының ауданы S болатын параллелепипед тәрізді денеге тығыздығыρссұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін анықтайық. Алдымен дененің үстіңгі бөлігіне сұйықтың түсіретін қысым күшін есептейік. h1сұйық бағанының дененің үстіңгі бетіне түсіретін қысымы

p1= ρсg h1онда

F1= p1S = ρсg h1S

болады. Ал дененің төменгі бетіне сұйықтың түсіретін қысым күші:

F2= p2S = ρсg h2S, мұндағы

p2= ρсg h2- биіктігі h2сұйық бағанының қысымы.

Онда Fы= F2- F1= ρсg (h2- h1)S

Параллелипипед биіктігі һ(һ= h2- h1) екенін ескерсек, онда

Fы= ρсghS немесе Fы= ρсgVд

болады, мұндағы Vд=Sh – дененің көлемі.

Ығыстырушы күштің формуласына сұйықтың тығыздығы кіретініне назар аударайық. Ал бұдан дене көлемінің сұйық тығыздығына көбейтіндісі дененің алатын көлеміндегі сұйық массасын береді: mс= ρсVдЕгер дене сұйыққа толық батпаған болса, онда ρсVдкөбейтіндісі дененің сұйыққа батқан бөлігі алатын көлеміндегі сұйық массасын береді, яғни Fы= ρсgVб.б., мұндағы Vб.б.– дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі. Бұл өрнектің оң жағы сұйыққа батырылған дене ығыстырған сұйықтың салмағына тең екенін байқауға болады.
...