Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?

0 дауыс
5.6k қаралым
Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?
• Санаты: Физика

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Архимед заңы– аэростатикамен гидростатиканың сұйыққа( газға) батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең әрі онан әрқашан да жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін анықтайтын негізгі заңы. Дененің ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне (орталығына) түсетін итеруші күшті архимедтік не гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батып кетеді. Дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді. Бұл заңды Архимедб.з.б. 3 ғасырда ашқан. Архимед заңы денелердің сұйықта, не газда жүзуінің теориялық негізі болып саналады.
Белгісіз
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы