0 дауыс
55.4k көрілді
Сырым Датұлы өмірбаяны, реферат тауып берсеңіздер?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Датұлы Сырым

Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.

Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады.

Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 

1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.

Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.

Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді.

Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.

 

Шым-шытырық кезеңнің шындығы немесе жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың “Сырым батыр” тарихи драмасынан кейінгі ой

 

Еділ мен Жайықтың аралығы ежелден еркіндік пен азаттық жолындағы қиыр-шиыр күрестің кіндігіне айналып келгені тарихтан белгілі. Кешегі кеңестік кезеңде жазылған “оқулығы жұп-жұқа біздің тарихта” бұл күрестерге ұлт-азаттық қозғалыстар деген сипаттама берілді. Расында да солай ма? Шын мәнінде олар  жәй ғана бір қозғалыс деген момақан атаудан әлдеқайда асау кейіптегі көтерілістер емес пе еді? Осы тұрғыда аталған өңірде ең алдымен Арынғазы, Сырым, Исатай-Махамбет, Көтібар (Есет) көтерілістері ауызға алынады.

Бұлардың қай-қайсысы да империялық пиғылдағы отаршылдардың аяусыз іс-әрекеттерін ауыздықтай алмаса да, арқыраған арындарын әжептәуір басқаны анық. Осының ішінде Сырым бастаған көтерілістің орны да, мәні мен маңызы да бөлек дей аламыз. Өйткені, ол ұзақ жылдар бойы тек орыс отаршылдарымен күресіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оған башқұрттармен, қалмақтармен, тіпті өзбектермен де тайталасуына тура келді.

Бұған қоса Сырым Датұлы сол тұста Нұралы ханмен де ұстасты. Ол Сырымға тіпті де бөтен адам емес еді. Қазақшалап айтқанда, құйрық-бауыр жескен туған құдасы. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры қойған Рахымжан Отар­баевтың “Сырым батыр” тарихи драмасына батыр өмірінің соңғы он жылын қамтитын осындай қым-қиғаш әрі шым-шытырық кезең өзек болып тартылыпты.

Алағай да былағай, аласапыран дүниенің ортасында қалған Сырымды автор қай қырынан көрсеткісі келді екен? Батырлығын ба, әлде көсемдігі мен шешендігін бе? Қаламгердің жаңа туындысында мұның бірде біреуі алдыңғы кезекке шыға қоймаған секілді. Драматургиялық туындыға ең алдымен динамика, интрига, талас-тартыс, іс-әрекет, қимыл-қозғалыс пен қарама-қайшылық тән десек, бұл талаптар қойылымда толығымен ескерілгенін көреміз.

Мұндай жағдайды ескермей сахнада басты кейіпкердің көсемдігі мен шешендігін дәріптеймін деп, бас-көзге қарамай зуылдатып отырса, ол пьеса бола ма? Әрине, болмайды. Сондықтан да мұндай қадамға барудан  пьесаның авторы Рахымжан Отарбаев та, оны сахнаға қойған режиссер Мұрат Ахманов та саналы түрде бас тартқаны байқалады.

Сонда олардың көрерменге айтайын, жеткізейін деген басты ойы не? Жазушының жаңа драматургиялық еңбегінде орыс патшайымының  жарлығымен Сырымның бас старшын болып сайланған сәті бейнеленген. Шен-шекпенге жақын өзге атаққұмар біреу болса, бұған әжептәуір масайрар еді. Пьесаның басты кейіпкері олай істе­мейді. Бұл шен оған зымиян, сайқал есеппен беріліп отырғанын бірден аңғарған спектакльдің басты кейіпкері одан әрі іштей серпіліп, ширыға түседі.

Ел, халық мүддесі, отаршыл саясат салдарынан орын алған озбырлықтар оның жанын бәрібір жәй таптырмайды. Сөйтіп, орыс патшайымы берген атақ пен шен-шекпенді өз ақылы мен айласын сарп ете отырып, елдікті қорғап, ауызбіршілікті нығайтуға, ел намысын жықпауға, халықтың сағын сындырмауға ұтымды пайдалана біледі. Мүмкін, көсемдік деп жүргеніміздің де бір мысалы осы шығар. Автордың айтайын деген басты ойының бірі де осы төңіректен туындаған секілді.

Әдетте, халық дана деп жатамыз. Қате емес, әрине. Әйтсе де, қоғам мен дүниенің тегершігін дөңгелететіндер тек дара тұлғалар емес пе? Қойылым авторлары Сырымның осындай тарихи дара тұлға ретіндегі сахналық бейнесі мен орамды образын аша алды деп санай аламыз ба? Әрине. С. Датұлы Ресей отаршылдарымен үздіксіз он бес жылға жуық уақыт бойы күрескеніне тарих куә. Ал, осы күрес үдерісі аз ғана уақытпен шектелсе, немесе күрт тоқтаса не болар еді? Сөз жоқ, мұндай жағдайда отаршылдар қазақ сахарасына кеулей еніп, сұғына кіріп, олардың елге тигізетін зияны мен сойқаны бұдан да  гөрі тереңірек, молырақ болар еді. Сырым бастаған көтеріліс сол зардаптың уытын азайта алуымен әрі тежеу салуымен де құнды.

Пьесада көрсетілгендей, жасы жетпіске жақындаған Сырымның бір басына жететін дәулеті де, билігі де болды. Батырлығы, көсемдігі мен шешендігі тағы бар. Сонда оған не жетпейді? Құдасы Нұралы ханмен төс соғыстырып, тып-тыныш, мамыражай, қызықты өмір сүруіне әбден болар еді ғой. Алайда, Сырым бұлайша өмір сүре алмайды. Бұлай істеу қолынан келмейді. Қандай қым-қиғаш жағдайда да халық қамын көксеу – оның басты мұраты. Сондықтан да ол осы мақсатын іске асыру үшін басын тауға да, тасқа да соқты.

Міне, тарихи драманың айтайын деген басты ойы осындай десек, шындықтан алшақ кетпейміз. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында тұңғыш рет сахналанған қойылым мінсіз дүние деуден аулақпыз. Мысалы, режиссерлік шешім болар, о бас­та екі актілі пьесаға арналып жазылған дүниенің кейін біршама қысқарып қалғаны бірден байқалады. Сондықтан да шығар, сахна жабылған кезде көрермендер бейнебір пьеса аяқталмай қалғандай көңіл-күйде қалады.  Орыс жазушысы А.П. Чехов айтқандай: қысқалық — таланттылықтың белгісі. Алайда, айтайын деген басты ой мен түйінді шашыратпай, жинақы түсіргенге не жетсін. Ең бір өкініштісі, түпнұсқадағы халықтық қимастық көңіл-күй, олардың зары мен запыраны режиссерлік нұсқада көрініс таба алмай қалған.

Екіншіден айтайын дегеніміз, Сырым ұшқалақ, сабырсыз біреу емес. Ол ой мен ақылдың, білік пен парасаттың адамы. “Ашу — дұшпан, ақыл – дос” екенін әбден зерделей алатын жан. Осындай кемеңгер көсем, тарихи тұлғаның қылышын қайта-қайта жалаңдата бергені де шындыққа жанаса қоймайды. Осындай “әттегенайларға” қарамастан, Мұсағали Бектенов, Боранбай Молдабаев, Қуаныш Амандықов, Теміржан Матаев, Еркін Тасболатов, Самал Әбуов, Айбар Жарыл­ғасовтар өз қабілет-қарымдарына қарай өз рөлдерін сәтті ойнап шықты. Бір айта кететін жайт, талантты режиссер Мұрат Ахманов көрермендерге ұсынылған бұл қойылымды келісім-шарт бойынша республиканың екінші бір қиырындағы Талдықорған қаласынан келіп қойды.

0 дауыс

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды. Сондықтан да Нұралы хан батырды бауырына тартып, оның беделіне арқа сүйеуге тырысты. Ол әуелі Сырымның әпкесіне үйленіп, оған жезде болады, кейін «ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді» деген ата дәстүрін бұзып, Орын деген әйелінен туған қызы - Айғараны батырға қосып, оны күйеу бала етеді. Бірақ патшалық Ресейдің далалық өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның Жайық өзенінен өтуіне тыйым салып, шұрайлы жайылым мен өрісінен айырып табиғи құқыларын шектеуі, жергілікті билік органдары арқылы алынатын салық көлемін көбейтуі Сырым Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын ашып жіберді. Патша әкімшілігінің озбырлығына, хан-сұлтандардың дәрменсіз халіне ашынған батыр рубасыларының қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы шықты. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. С.Датұлы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Орал казак-орысы Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев әскерінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым батыр бастағанын мәлімдейді. Е.Пугачев өлтірілгеннен кейін де ол патша үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы күресін жалғастыра берді. Оған генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы граф П.Панинге: «Сырым батыр бастаған қырғыздарды қай жерде кез келсе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе де оның өзін ұстап алып, тамырына біржола балта шауып немесе сол жерде өлтір дедім, оның басты жолдастарына да осыны істеңдер, әскерлік ант бойынша өздеріңнің күштеріңді де, өз бастарыңды да аямаңдар деп тапсырдым» - деген мазмұнда жолдаған баянхаты дәлел. Дегенмен батыр араға уақыт салып Ресей әкімшілігімен келісімге келді. Бұған белгілі дәрежеде 1775 жылы қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық арасына, Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз атырабына қоныстануына рұқсат берген жарлығы ықпал етті. Бірақ Ресейдің жасаған «кеңшілігі» ұзаққа созылмады, әсіресе, Орал казак-орыс әскерлері қазақтардың жер-су иелену құқыларын кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның 27-інде патша үкіметі қазақтардың мал жаюына рұқсат еткен аудандарын енді тек жалға беру туралы жарлық шығарды. Бұл өз кезегінде ұлт-азаттық қозғалыстың қайта өрістеуіне алып келді. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, сол жылдың күзінде Cырымды қолға түсірді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алды. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырды. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етті. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болды. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шықты. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартты. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соқты. Хан тағынан Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмеді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түсті. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмады. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшті. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болды. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанды. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасады. Ақыры оның есебін тауып улап өлтірді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады. 1803 жылы Сырым Датұлына арналып ас берілді. Бұл астың өзіндік маңызды оқиға ретінде аталып өткендігін сол кезде Бұхарға сапар шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып қалдырған. Батыс Қазақстан облысында Сырым Датұлы атындағы аудан бар.

Дерек көздері:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том
Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалығы
А.Сейдімбеков, «Елтұтқа» кітабы

+1 дауыс

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

ЖОСПАР
I Кіріспе…….3
II Негізгі бөлім………4
1. Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептері және оның барысы…4
2.Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы…..7
III Қорытынды…..9
IV Пайдалынған әдебиеттер……10

I Кіріспе

“Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ халқының тәуелсіз ел болып орнығып, нығайып күшейгенге дейінгі, ата-бабаларымыздың түрлі елеңсіз жағдайларға тап болып отырғаны сөзсіз. Соның бірі Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ халқының көрген зорлық-зомбылықтың нәтижесінен туған түрлі көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының қолбасшылығымен өткен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.). Академик Ə.Марғұлан бұл көтеріліске “ Əбілқайыр ханның ұрпақтары мен патшаға қарсы бағытталаған көтерілістердің ішіндегі ең ірісі жəне белгілісі” деп баға берді.
Отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, ұзаққа созылған саяси алауыздықтарға шыдай алмай, байбақты руынан шыққан батыр Сырым Датұлы бастаған топ бөлініп қарулы күреске шығады.
Сырым Датұлы жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күшімен, өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «…Сырым батыр - жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

II Негізгі бөлім

1. Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептері және оның барысы
ХVIII ғасырдың аяғына қарай Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі халықтың əлеуметтік-шаруашылық жағдайының нашарлауына алып келді. Қазақтар өздерінің ежелгі қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Аймақтағы саяси жəне экономикалық билік барған сайын Ресей əкімшілігінің қолына шоғырлана берді. “Бөліп ал да , билей бер” принципі бойынша құрылған жүйе аймақтағы барлық қайшылықтарды шегіне жеткізе шиеленістірді.
Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды «ішкі жаққа» Жайық сыртына өткізбей, оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің құқықтарына қысым жасалды. Сонымен қатар, империяның өлкедегі отаршылдық үстемдігін нығайту мақсатында жаңа актілер қабылданды. Мəселен, казактарға қазақтардан адамдары мен малын өз бетімен тартып алуға, күдік тудыратын кез-келген қазақты ұстауға ресми түрде рұқсат етілді. Ал казактар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың, башқұрттардың, татар-мещеряктардың қолымен ұлтаралық араздық саясаты жүзеге асырылды. Кіші жүздің ханы Нұралының да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші — қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты.
Көтерілістің басты мақсаты — ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802 ж.ж.) тұрды. Қазақтың дəстүрлі мəдениетінде Сырым атақты би жəне шешен ретінде белгілі. Ол ішкі өмірдің көптеген мəселелерін шешкен, ал оның шешендік өнері талай ұрпақтарға үлгі болған. Жеке басының ержүректілігі, ерлігі, табандылығы жəне сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын əперді. 1783 жылы бұл көтеріліс басталғанда — Сырым Датұлы осы жақсы қасиеттерінің бəрін танытты.
ХVIII ғасырдың 80-жылдарының басында даладағы жағдай əбден шиеленісіп кетті. 1782 — 1783 жылдың қысындағы жұт қазақ шаруашылықтарына қатты соққы болып тиді, мал қырғынға ұшырады. Осындай жағдайды пайдаланған казак əскерлері ішкі жаққа көшіп барған қазақтардың малын тартып алса, өкімет орындары қазақтарды үлкен көлемде айып төлеуге мəжбүрледі. Осы əрекеттерге жауап ретінде қазақтар Орал бекінісіне толассыз шабуыл жасай бастады. Мұндай əрекеттерде сəттілік те, сəтсіздік те болып тұрды. 1783 жылғы шапқыншылықтардың бірінде батыр орал казактарының қолына түсіп қалып, оны босату үшін Нұралы хан үлкен көлемде өтем төлеуге мəжбүр болды. Осы әрекеттің себебі де Сырымның ел ішіндегі беделі болатын.
1784 жылдың қарашасына қарай Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады, оның маңызды міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы қимылдау болатын. Сырымның өз бетімен іс-əрекет етуі оның Нұралы ханмен ара-қатынастарының алшақтауына себеп болды. Көтерілісті басып-жаншуға генерал-майор Смирнов бастаған орынбор казактары мен башқұртардан тұрған жазалаушы отряд жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты басты мақсатына жете алмаған жазалаушы отряд қайтар жолда бейбіт қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратып, малдарын айдап əкетті. Жазалаушылардың көрсеткен жəбірі халықтың ашу-ызасын күшейтті. Сол кезге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылды. Көтерілісшілердің негізгі күші Сағыз өзені бойында шоғырландырылды. Сырым Датовтың қоластына 2700 адам бірікті, ал жалпы көтерілісшілердің саны 6000 жетті.
1785 жылдың көктемінде көтерілісшілер Антонов форпостына, кейіннен Сахарная бекінісіне шабуыл жасады. Алайда гарнизондар алдын-ала дайындалып отырғандықтан бұл шабуылдар сəтсіз аяқталды. Кейін шегінуге мəжбүр болған көтерілісшілер алысқа кетпей, орыс бекіністеріне жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды. Осы жағдайлардың барлығы Нұралы ханның беделін түсіріп, билігінен шеттеті.
Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, хан билігін жою ойымен, Орынбор генерел-губернаторы Игельстромның дайындаған  “Игельстром реформасы” атты жобасын 1786 жылдың көктемінде мақұлдап, бекітеді. Осы “Реформа” бойынша ең ықпалды ақсақалдарға “бас ақсақал” атағы енгізілді. Олар барлық руларды қадағалап отыру міндеті болатын.
Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі “реформаға” қарсы шығып, хан билігін сақтап қалғысы келді.
Патша өкіметі тарапынын қаншама тыйм салынса да, әрқашан еркін болуға ұмтылған қазақ халқы орта жүз сұлтандарымен ақылдаса, бірікті. Сөйтіп, Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару реформасының күткендегідей нəтиже бермегенін көрген олар хандық билікті қалпына келтіруге бағыт алды.
1790 жылы Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп оның інісі Ералыны хан көтерді. Бірақ халықтың қамы одан жақсара түскен жоқ. Бұл өз кезегінде көтерілістің жандануына себеп болды. 1792 жылдың жазына қарай көтеріліс бүкіл жүз аумағын қамтыды. Сол жылдың күзінде Сырым Датұлы Елек қалашығын шабуылмен алмаққа əрекет жасады, бірақ ол сəтсіз аяқталды.
1794 жылы жек көрінішті Ералы хан өліп, оның орнына 1796 жылы хан тағына отырған Есім де езгіні жеңілдеткен жоқ. Бұрыннан қаталдығымен аты шығып жүрген ол халықты одан әрі қан қақсатты. Осының бәрі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа күшпен өрлеуіне, жандануына жол ашты. Оның дем беруші көсемі Сырым болды.
1796 жылдың қысы аса ауыр болып, мал жұтқа ұшырады, халық арасында аштық жайлады. Осыған қарамастан Есім хан көтерілісті басу үшін белсенді əрекеттер жасап отырды. Оған жауап ретінде 1797 жылдың наурызының 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмаған. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалаушыларға ханның туыстары, соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар қосылды. Алайда, Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын іске асырмады. Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады. 
2. Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы
Есім хан өлгеннен кейін кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі — Нұралының ұлдарының бірі — Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр бұл мәселеден тыс қалмай, хан сайлауда халықтың пікірін ескеруді талап етті. Хан мәселесі төңірегіндегі тартыс Кіші жүздің би, сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Осындай жағдайда Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатып, жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Кеңес мүшелігіне төрт адам кірді, оның құрамына Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы енгізілмеді. Кеңес құрамына Сырым батыр да кірмеді.
Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы — Қаратайды хан деп жариялады. Бұл — Нұралыға қарсы старшындардың Сырымның төңірегіне қайтадан топтануын күшейтті. Оның ықпалының өсуі патша әкімшілігін қатты үрейлендірді. 1797 жылдың күзінде патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды, сөйтіп Айшуақты хан етіп бекітті. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адаммен Қаратай сұлтан қосылды. Бірақ Сырымға олармен шайқасудың сәті түскен жоқ, ол Сыр бойына барып, көтерілісшілерді таратып өзі Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жақта Сырымды 1802 жылы қазақ сұлтандарының итаршылары у беріп өлтірдi.
Сырым батыр бастаған 1783-1797 жылдар арасындағы Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы бағыт алған, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болғанын айтуымыз керек.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіден, хандардың, сұлтандардың және патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығынан құтылуға талпынған шаруалар еді. Олар Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы өздерінен тартып алынған жерлерді қайтарып алуға тырысты. Көтеріліске бірқатар билер мен ағамандар қосылды. Олар өздерінің таптық мүдделерін — Кіші жүздегі жағдайды нығайтуды, хан мен сұлтандарды билікті өздерімен бөлісуге мәжбүр етуді көздеді. Сырым халық бұқарасының жер үшін күресін қолдады, хандық билікті жойып, оны халық съездерімен алмастырып, ал съездер аралығында билікті ағамандардың қолына беретін қазақ мемлекеттілігінің жаңа формаларын құруға талпынды.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің жеңіліске үшырауының көптеген себептері бар. Оның жеткілікті үйымдаспаған стихиялы сипатта болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы, қозғалысты мақсатына жеткізе алған жоқ. Балтамен, айбалтамен, айырмен, найзамен т. б. қаруланған қазақ шаруаларының мұздай жарақтанған, зеңбірекпен және мылтықпен каруланған патша әскерлеріне қарсы тұруы ешқандай мүмкін емес еді, ол көтерілістің жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап берді. Көтерілістің жеңілуінің тағы бір себебі жергілікті қауымдық-рулық меншік ру ақсүйектерінің қоныстарға иелік етуіндегі кедергі, қайшылықтар еді. Осыдан келіп халық бүқарасы мен басшыларының қолға қару алып, күресу мақсаттарындағы көзқарастары әртүрлі болды. Жеке көтерілген топтардың арасындағы байланыстар әлсіз еді. «Жақсы ханға» сенушілік Сырымды да құтылдырмады. Патша әкімшілігімен келіссөз жүргізу кезінде, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды.
Бірақ тәуелсіздікке ұмтылған Сырым бастаған көтерілістің қазақ халқының азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы тиді. Көтеріліс Кіші жүздегі  хандық биліктің негіздеріне зиян келтіріп, оның түпкілікті жойылуын жақындатқан ірі аттаныс еді. Көтеріліс және оның көсемі туралы хабар ой мен қырға, қазақ даласына кеңінен жайылды. Бүкiл үш жүздің басын құрайтын қазақ халқы Сырымның, оның сарбаздарының ерлігі мен батырлығын, тапқырлығын аңыз етіп, айтып жүрді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Сырымға, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалысына байланысты тамаша жырлар, әндер туды. Сырымның, оның төңірегіндегілердің шешендік сөздері ауыздан-ауызға тарап кетті.

III Қорытынды

1797 жылдың аяғына дейін жалғасқан стихиялы көтеріліс әлсіреп, бірте-бірте бәсеңдеп, көп ұзамай тоқтады.
Кіші жүз қазақтарының арасындағы үзілістерімен қоса он төрт жылдай уақытқа созылған қозғалысы сәтсіздікке ұшырады. Оның құлдырауының негізгі себептері стихиялылығы мен ұйымдаспағандығы, күрестің айқын мақсаттарының болмағандығы еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.
Бұған қоса патша үкіметінің Жайық пен Еділ арасындағы жердегі жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруі көтерілістің бір себебі болған жайылымдар туралы мәселені уақытша бәсеңсітті.
Халық бұқарасының 1783—1797 жылдардағы күресі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол хандық билікті көксеген көшпенділердің ұтылысынан кейін зымияндық орыс саясаты хандық билікті мүлде жойып қазақ жерлерін бөлшектеп тастап билеуге көшті. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды. Сырым батыр көтерілісі қазақтың рухының мықтылығын, оның еркіндікті аңсайтынын көрсеткен белді белес еді. Орыстың зиялы адамдарының бірі, белгілі тарих¬шы Михаил Порфирьевич Вяткин: «Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол – Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі; өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жанын аямай күрескені… Қазақтар халық қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес», – деп жазып еді.

IV Пайдалынған әдебиеттер

1. Қазақ ССР тарихы  II том. Алматы, 1980 ж.
2. «Қазақстан тарихы журналы» (1995   №5)
3. Ұлы дала тарихы. Маданов. Алматы, 1997 ж.
4. Қазақстан тарихы, очерктер. Алматы, 1998 ж.
5. Қазақтар  VII том. Құрастырғандар: Әбен.Е.   Шалғынбаева.Ж.
Алматы, 1998 ж.
6. Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007 ж.
7. «Ана тілі газеті» (3-Ақпан. 2011)
8. «Елтұтқа» кітабы. А.Сейдімбеков
9. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазаұстан. Ф.К.Қайырханова
(М.О.Әуезов атындағы семей универсиеті)
10. «Өскен өлке тармхы» Т.Рысбеков
11. kk.wikipedia.org/wiki/Сырым_Датұлы_көтерілісі

 

0 дауыс
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінде Әйтімбет, одан Шолан, Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантау, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Туған аулы Сырыой, Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сырым 7—8 жасынан-ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды жанай жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөн-жосық алады. Бірде Сырым бала сол өңірге батырлық, билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады. — Уа, қай баласың? — Даттың баласымын. — Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың? — Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің? — Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың. — Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да, би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса — қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді: қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал. Өзіңіз соның қайсысыз? — Балам, сынайын деп айтқан бір-екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады — адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады — бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қарсы сын қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сүрамас болар. Қадірсіз десең — халқымнан сұра, қыдырымпаз десең — көршімнен сұра, қазымыр десең — кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра. Енді келген жұмысыңды айт? Сырымның көңілі жадырап сонда былай депті: — Ауылыңның алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп, бата алғалы келдім. — Жарайды, балам! «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар». Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп, ел бастайын деген бала екенсің. «Ақыл жастан, асыл тастан» шығады деген алдыңнан жарылқасын! Шиеленген түйінді, шиыршықталған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би, айтулы кісі бол, аумин»! — депті Малайсары қария.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырғанды, Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынандай өсиет айтыпты: — Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады. Сырым: — Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы? Сары би: — Арлы-ожданды бол! — Елге деген парызыңды ұмытпа! — Намысыңды жастан сақта! — Халқыңды жаралама! — Жақыныңды жаралама! — Қалысыңды қаралама! Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

Мөңке бидің үйіне арық құнанын мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «балаға айран әкел» депті. Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп еліп қалғанына налыған Мөңке: — «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, малыңды қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! — деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала: — Олай болмас, биеке, — депті. — «Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады» дейді. Мөңке би баланың бұл би баланың бұл сөзіне аңтаң болыпты да: — Рас, айтасың балам, сен шыныңды құтты қонақ екенсің, — деп оған сый-сиапат көрсетіпті.

Сырым Датүлының батырлығы жөнінде орыс зерттеушісі М, Вяткин монография жазды. Балтабай Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып жариялады және кандидаттық диссертация қорғап, көп еңбек сіңірді. Қазақ батыры, шешен, бйлері ішінде Сырым шешен мүрасын жинастыру, зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады. Осы кітапқа еніп отырған Сырымның шешендік сөздері негізінен Б. Адамбаевтың жинақтарынан алынды. Олар мына төмендегілер: Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман ана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. — Балалар аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап: — Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді. Малайсары жалт қарап: — Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? — дейді. — Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе бойжеткені болар, — дейді Сырым. — Сен толған екенсің, мен болған екенмін, — деп Малайсары Сырымды қасына шақырған екен.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

Сырымның атасы Шолан батырды төрелер қылыштап өлтіреді. Шоланнан Дат, Әште қалып дүниеге келгесін қара қазақ жиналып, төрелермен арадағы кек ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын жасықтау болып өседі. — Ей, Дат, сенің атың заманында қойылған Дат еді-ау, есіміңе жемісің лайықты емес, тек бір қоя салған ат еді-ау, — деп қазақтың қарттары Даттың бетіне басып жүреді. Дат өсіп, бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады. Сырым өсіп, атқа мініп, ағайын аралап Байбақтының Сасай дейтін атасының ауылына келеді, келсе ағайындары қаумалап, ортаға алып, жылап қоя береді. — Мына атаңа нәлет Нұралының баласы Есім сұлтан біздің бір ағайынның Ақмоншақ дейтін атын ылауға мінемін деп ұстатып алып еді, енді бәйгеге қосып, «Есімнің ақмоншағы» дейтін атаққа ие болып жүр. Міне, биыл екі жыл болады, талай рет кісі жіберіп сұрадық, берер емес. Бүгін «құлаққа — құлақ , тұяққа — тұяқ ал» дейтінді шығарды, — дейді. — Ақмоншақты бір жесірге балайтын едік, бүкіл Байбақ-тының атағын шығарған Ақмоншақ еді. Шырағым, сол атқа сен бар, саған берер, — дейді ағайындары. — Ей, ағайындар, сендер мені Нұралыға жұмсамаңдар, ол ит маған да бермес. Берсе жақсы, бермесе тегін қайтпаспын, бір жанжал туып кетер, — деп өтінеді Сырым. Ағайындары қаумалап болмайды, ақырында Сырым көнеді. Барып Нұралы ханның өз үйіне түседі. — Сырым жай жүрмісің, не жұмыспен жүрсің? — дейді Нұралы. — Сіздің Есім деген балаңыз, менің бір ағайынымның атын ұстап ылауға мінген екен, оған екі жыл толыпты. Мауқы ба-сылса, сол аттың сүйегі болса да, алып кетейін деп келіп едім, — дейді Сырым. — Жарайды, олай болса Есімді шақыртып айтайын, — дейді хан. — Есім шырағым, мына Сырым Ақмоншақты сұрай келіпті. Бірталай міндің ғой, енді берсейші, — дейді Нұралы баласына. — Ағайыннан бір ат міне алмасам, мен несіне сұлтан бо-лып жүрмін. Мен атты беремін деп алғаным жоқ, Сырымға ат керек болса, құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ алсын да кетсін, — дейді Есім. — Менің де естиін дегенім осы сөз еді, — деп Сырым үйден шыға жөнеледі, Нұралы хан артынан Есімді қайта шақырып алып: — Шырағым, Есім, сен түсін, мына Сырым бір тайдың құнына келіп жүрген жоқ, бұл соғысқа келіп жүр, сен білмейсің, бұның атасы Шолан біздің бабаларымыздың қолынан жазым болған, бұл соны әлі үмытпай жүр екен, атын беру жөн болар, — дейді. — Есім Сырымның артынан кісі шаптырып, «Келсін, қонақ болып, атын алып кетсін», — дейді. — Атаңа нәлет, Есімнің есігіне бір тай үшін екі рет барар болдым-ау, бар, ханыңа сәлем айт, келіп қонақ болатын күнімді өзім айтармын, — деп қайрылмай кете береді. Ағайындарына келіп, атты өздері әкеліп берсе аларсыңдар, ездері өкеліп бермесе енді сүрамаңдар, — дейді. Сырым ауылына келіп атын тастап, Есімнің ызасына желмаяға мініп, ханды шабуға Сарыарқаның қазағынан көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде елдің ақсақалдары кеңесіп, Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізбекші болады. Екеуі кездескенде, Бақай Сырымның қолын ұстап тұрып сондағы айтқан сөзі мынау екен: — Иә, Сырым бала, жоқтан бар болдың, айырдан нар болдың, көндей қамқа тозды, атадан үл озды, анадан қыз озды, боздан бурыл озды, осыған жауап берші шырағым, — дейді. Сонда Сырым батыр:

— Иә, жоқтан бар болсам, құдайдың қүдіреті болар, айырдан нар болсам, атам үлек болар; көндей қамқа тозса, киюі салақ болар, атадан ұл озса, еркіндігі болар, анадан қыз озса, шіркіндігі болар; боздан бурыл озса, жүйріктігі болар, Бақай ата! — депті.

— Ей, Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шұлғауын асына малып ішетін кісі еді. Шешең қараторы, қайратты, күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні қонақ қылып аттандырған еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам, — дейді қарт.

— Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса болған шығар, шешем күндіз келген жиырма адамды, түңде келген жиырма адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген, онда мен қыдырдан жаралған болармын. «Өзін-өзі езген ит, өзен бойын кезген ит, өзі болған жігіттің түп атасын қазған ит» деп еді, Бақай ата, — депті Сырым. Сонда Бақай сыншы -сөзден жеңіліп, батырды қонақ қып, ат мінгізіп, шапан жауып, батасын беріп аттандырыпты.

1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып,Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786жылы 3 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.

1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды.

Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі

Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады: Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.

Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі

Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
0 дауыс
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, болған орнын білесіздерме?
0 дауыс
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.

Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады.

Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.

Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.

Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді.

Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.


Шым-шытырық кезеңнің шындығы немесе жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың “Сырым батыр” тарихи драмасынан кейінгі ой


Еділ мен Жайықтың аралығы ежелден еркіндік пен азаттық жолындағы қиыр-шиыр күрестің кіндігіне айналып келгені тарихтан белгілі. Кешегі кеңестік кезеңде жазылған “оқулығы жұп-жұқа біздің тарихта” бұл күрестерге ұлт-азаттық қозғалыстар деген сипаттама берілді. Расында да солай ма? Шын мәнінде олар жәй ғана бір қозғалыс деген момақан атаудан әлдеқайда асау кейіптегі көтерілістер емес пе еді? Осы тұрғыда аталған өңірде ең алдымен Арынғазы, Сырым, Исатай-Махамбет, Көтібар (Есет) көтерілістері ауызға алынады.

Бұлардың қай-қайсысы да империялық пиғылдағы отаршылдардың аяусыз іс-әрекеттерін ауыздықтай алмаса да, арқыраған арындарын әжептәуір басқаны анық. Осының ішінде Сырым бастаған көтерілістің орны да, мәні мен маңызы да бөлек дей аламыз. Өйткені, ол ұзақ жылдар бойы тек орыс отаршылдарымен күресіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оған башқұрттармен, қалмақтармен, тіпті өзбектермен де тайталасуына тура келді.

Бұған қоса Сырым Датұлы сол тұста Нұралы ханмен де ұстасты. Ол Сырымға тіпті де бөтен адам емес еді. Қазақшалап айтқанда, құйрық-бауыр жескен туған құдасы. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры қойған Рахымжан Отарбаевтың “Сырым батыр” тарихи драмасына батыр өмірінің соңғы он жылын қамтитын осындай қым-қиғаш әрі шым-шытырық кезең өзек болып тартылыпты.

Алағай да былағай, аласапыран дүниенің ортасында қалған Сырымды автор қай қырынан көрсеткісі келді екен? Батырлығын ба, әлде көсемдігі мен шешендігін бе? Қаламгердің жаңа туындысында мұның бірде біреуі алдыңғы кезекке шыға қоймаған секілді. Драматургиялық туындыға ең алдымен динамика, интрига, талас-тартыс, іс-әрекет, қимыл-қозғалыс пен қарама-қайшылық тән десек, бұл талаптар қойылымда толығымен ескерілгенін көреміз.

Мұндай жағдайды ескермей сахнада басты кейіпкердің көсемдігі мен шешендігін дәріптеймін деп, бас-көзге қарамай зуылдатып отырса, ол пьеса бола ма? Әрине, болмайды. Сондықтан да мұндай қадамға барудан пьесаның авторы Рахымжан Отарбаев та, оны сахнаға қойған режиссер Мұрат Ахманов та саналы түрде бас тартқаны байқалады.

Сонда олардың көрерменге айтайын, жеткізейін деген басты ойы не? Жазушының жаңа драматургиялық еңбегінде орыс патшайымының жарлығымен Сырымның бас старшын болып сайланған сәті бейнеленген. Шен-шекпенге жақын өзге атаққұмар біреу болса, бұған әжептәуір масайрар еді. Пьесаның басты кейіпкері олай істемейді. Бұл шен оған зымиян, сайқал есеппен беріліп отырғанын бірден аңғарған спектакльдің басты кейіпкері одан әрі іштей серпіліп, ширыға түседі.

Ел, халық мүддесі, отаршыл саясат салдарынан орын алған озбырлықтар оның жанын бәрібір жәй таптырмайды. Сөйтіп, орыс патшайымы берген атақ пен шен-шекпенді өз ақылы мен айласын сарп ете отырып, елдікті қорғап, ауызбіршілікті нығайтуға, ел намысын жықпауға, халықтың сағын сындырмауға ұтымды пайдалана біледі. Мүмкін, көсемдік деп жүргеніміздің де бір мысалы осы шығар. Автордың айтайын деген басты ойының бірі де осы төңіректен туындаған секілді.

Әдетте, халық дана деп жатамыз. Қате емес, әрине. Әйтсе де, қоғам мен дүниенің тегершігін дөңгелететіндер тек дара тұлғалар емес пе? Қойылым авторлары Сырымның осындай тарихи дара тұлға ретіндегі сахналық бейнесі мен орамды образын аша алды деп санай аламыз ба? Әрине. С. Датұлы Ресей отаршылдарымен үздіксіз он бес жылға жуық уақыт бойы күрескеніне тарих куә. Ал, осы күрес үдерісі аз ғана уақытпен шектелсе, немесе күрт тоқтаса не болар еді? Сөз жоқ, мұндай жағдайда отаршылдар қазақ сахарасына кеулей еніп, сұғына кіріп, олардың елге тигізетін зияны мен сойқаны бұдан да гөрі тереңірек, молырақ болар еді. Сырым бастаған көтеріліс сол зардаптың уытын азайта алуымен әрі тежеу салуымен де құнды.

Пьесада көрсетілгендей, жасы жетпіске жақындаған Сырымның бір басына жететін дәулеті де, билігі де болды. Батырлығы, көсемдігі мен шешендігі тағы бар. Сонда оған не жетпейді? Құдасы Нұралы ханмен төс соғыстырып, тып-тыныш, мамыражай, қызықты өмір сүруіне әбден болар еді ғой. Алайда, Сырым бұлайша өмір сүре алмайды. Бұлай істеу қолынан келмейді. Қандай қым-қиғаш жағдайда да халық қамын көксеу – оның басты мұраты. Сондықтан да ол осы мақсатын іске асыру үшін басын тауға да, тасқа да соқты.

Міне, тарихи драманың айтайын деген басты ойы осындай десек, шындықтан алшақ кетпейміз. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында тұңғыш рет сахналанған қойылым мінсіз дүние деуден аулақпыз. Мысалы, режиссерлік шешім болар, о баста екі актілі пьесаға арналып жазылған дүниенің кейін біршама қысқарып қалғаны бірден байқалады. Сондықтан да шығар, сахна жабылған кезде көрермендер бейнебір пьеса аяқталмай қалғандай көңіл-күйде қалады. Орыс жазушысы А.П. Чехов айтқандай: қысқалық — таланттылықтың белгісі. Алайда, айтайын деген басты ой мен түйінді шашыратпай, жинақы түсіргенге не жетсін. Ең бір өкініштісі, түпнұсқадағы халықтық қимастық көңіл-күй, олардың зары мен запыраны режиссерлік нұсқада көрініс таба алмай қалған.

Екіншіден айтайын дегеніміз, Сырым ұшқалақ, сабырсыз біреу емес. Ол ой мен ақылдың, білік пен парасаттың адамы. “Ашу — дұшпан, ақыл – дос” екенін әбден зерделей алатын жан. Осындай кемеңгер көсем, тарихи тұлғаның қылышын қайта-қайта жалаңдата бергені де шындыққа жанаса қоймайды. Осындай “әттегенайларға” қарамастан, Мұсағали Бектенов, Боранбай Молдабаев, Қуаныш Амандықов, Теміржан Матаев, Еркін Тасболатов, Самал Әбуов, Айбар Жарылғасовтар өз қабілет-қарымдарына қарай өз рөлдерін сәтті ойнап шықты. Бір айта кететін жайт, талантты режиссер Мұрат Ахманов көрермендерге ұсынылған бұл қойылымды келісім-шарт бойынша республиканың екінші бір қиырындағы Талдықорған қаласынан келіп қойды.

Ұқсас сұрақтар

...