0 дауыс
839 көрілді
Елімізде көрші елден келгендерге қанша уақытта Азаматтық беріледі?

3 жауап

0 дауыс
Менің білуімше, 5 жылда берілетін болуы керек
Ия, есітүім бар. Бірақ мүмкіндігінше нақты жауаптар болса екен...
+1 дауыс
Қазақстан Үкiметi этникалық қазақтарды елге оралуға ынталандыратын iс-шаралардың негiзгi бағыттарын қолдады. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова мәлiмдеді.Министрдің айтуынша, «Халықтың көшi-қонмәселелерi туралы» Заңның көптеген аспектiлерi қайта қарастырылып, жеңiлдетiлдi. Мәселен, бұның алдында оралмандарды жайғастыру аймақтарын Үкiмет шешетiн. Өзге өлкегекөшкiсi келген қандастарымыз өздерiнiң төлем қабiлеттерiн растау керек болған. Ендi оралмандар қоныстанатын аймақтарды өздерi таңдайды. Үкiмет болса, еңбек ресурстары жеткiлiксiз аймақтарды анықтап, толық ақпарат ұсынып отырады. Сондай өңiрлерде тұруға ниет танытқан қандастарға ҚР Үкiметi әлеуметтiк пакеттер ұсынады. Оның iшiнде жолға кеткен шығын өтелiп, жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Сол арқылы жалға алған үйдi олар бес жылдың iшiнде өздерiнiң меншiгiне аударуға мүмкiндiк алмақ.Екiншiден, этникалық қазақтар бiр жылдың iшiнде Қазақстан азаматтығына қол жеткiзетiн болады. «Бұған дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар алғашқы төрт жыл бойы уақытша тұрып жатқан тұлға ретiнде мәртебеге иеболатын. Содан кейiн оған үш жылдың iшiнде азаматтық алу мүмкiндiгi берiледi. Мұның барлығы қазiр бiр жылға дейiн қысқартылуда. Оларелге келiп, бiр жылдың дересінде азаматтық алады», -деп атап өттi министр.Еңбек министрлiгiнiң мәлiмет-терiне сүйенсек, 1991 жылдан берi Қазақстан 994 мың оралманды қабылдап үлгерген. Қазiргi уақытта оларжалпы халық санының 5,5 пайызын құрайды
+1 дауыс
Негізі көптері азаматтық алып, төленетін жәрдемақыны алып, Қытайға тайып тұрғандығы туралы депудаттар сауал жолдаған. Соған байланысты депудаттар 5 жыл өтпей азаматтық жоқ деп заң шығарған. Арасында 1 жыл өтер-өтпестен қайта заң шықты. Ол заң бойынша азаматтық 1 жылдан кейін берілетін болып шешілді.
...