Ерте қазақтарды орыстар қалай атаған?

0 дауыс
2.3k қаралым
Қазақтарды қарашекпен, басурман, қайсақ, қырғыз деген секілді аттармен атаған. Тағы да орыс өкілдері қазақ халқына қандай аттар таққан? Көбірек керек болып тұр.
Тарих сұрақтары

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Бұрындары Пономарев Виктор мен Гончаревский Евгенийдің "Записки рецидивиста" деген кітабын оқығанмын .... сонда қазақтарды "Джамбул" деп атайтын...

Тоталитарлық жүйе ұлтты өз атымен атамай бұрмалап қазақты «киргиз-кайсак», мұсылманды «басурман» деп үйреткен...
+1 дауыс
Қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екі халық екеніне көз жеткізген орыстар қазақтарды «қырғыз-қайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кетті, ал нағыз шын қырғыздарды «тау-тас қырғыздары», «қара қырғыздар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға олардың байырғы тарихиөз аты қайтарылмады. Өйткені Ресейде бұл кезде «казак» деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған еді.
Белгісіз
+1 дауыс
Қазақтарды бұрын орыстар қазақ деп атамаған. Оларды Шыңғыс айтқандай "қырғыздар" деп атаған.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы