Практика басталғанда әр студентке әдістемелік құрал және күнделік береді әдетте, бізде солай. Олардың ішінде меткпете қанша уақыт болу керектігі, нені жасауға болады, нені болмайтындығы барлығы жазылған.Әрине, олай оқушылардың тестін істеп беру ол сіздің міндетіңіз емес, ол бар болғаны мұғалімнің қалауы, ал оны жасамасаңыз практиканы қорғауда жаман болатынын өзіңіз де білесіз.Кабинетті жуып тазалау, ақша жинау бұл ұстаздың артық кеткені, себебі, ол сіздің міндетіңізге кірмейді.Қағаздарын жасап беру т.б енді оны кез келген мұғалім сұрайды, бірақ қайта -қайта сұрай берген де дұрыс емес қой.Бұндай жағдайда, практиканы дұрыстап жабу үшін үндемей мұғалімнің айтқанын істеп жүре берген дұрыс, себебі ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсыз, өзіңізге кесірі тиеді.