Дебат - [ фр. debats - талқылау] - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөз, айтыс. Парламенттік дебаттар - заң шығару және үкімет іс-әрекеті жөніндегідепутаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі.
Карл Поппердің дебат форматы - парламенттік дебаттардың бір түрі. Жаңадан ойнап бастаған ойыншыларға ыңғайлы болып саналады. Формат Карл Поппердің есімімен аталған.
Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы - бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардын арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.
Поппер Карл Раймунд ағылшын социологы және философы
Ойын тәртібі:
1 ойыншы - Дефиниция, қалыптасқан жағдай, құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.
1 ойыншыға оппозицияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
2 ойыншы - Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6 минут.
2 ойыншыға үкіметтің 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
3 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне қарсы ребатл жасау. 5 минут.
3 ойыншыға оппозицияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
4 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне қарсы ребатл. 5 минут.
4 ойыншыға үкіметтің 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
5 ойыншы - Анализ, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының неге ұту қажет екенін айту.
6 ойыншы - Анализ.
Линкольн-Дуглас дебат форматы - атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугластын арасында болған дебаттың құрметіне аталған екі адамдық дебат форматы. Линкольн-Дуглас - құндылықты ойын, кім не үшін ойнап отырғаны үлкен рөл ойнайды. Бұл дебаттарда идеялардың қалай жүзеге асатыны маңызды емес, ең бастысы ойыншының құндылығы болып табылады. Ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысады. Біреуі Линкольннің, екіншісі сәйкесінше Дугластың рөлін ойнайды.
Авраам Линкольн
Линольнның сөзі (Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 6 минут
Дугластың сұрақтары - 3 минут
Дугластың сөзі (Ребатл, Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 7 минут
Линкольнның сұрақтары - 3 минут
Линкольнның сөзі (Ребатл) - 4 минут
Дугластың сөзі (Кейсын қайта құру, Кристализация*) - 6 минут
Линкольнның сөзі - 3 минут (Кристализация*)
Қажетті ақпарат
Сұрақ қойғанда Йә немесе Жоқ деген жауаппен ғана жауап берілетін сұрақтар қабылданбайды
Кристализация - ойынның қортындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөздерсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.