+1 дауыс
2.9k көрілді
Бір жерлерден инженер-сметчик деген сөзді естіп, көріп қалдым! Шамасы құрылысқа қатысты мамандық болса керек, толығырық айтып жіберсеңіздер?!

3 жауап

0 дауыс
https://ru.wikipedia.org/wiki/%C8%ED%E6%E5%ED%E5%F0-%F1%EC%E5%F2%F7%E8%EA?setlang=ru

алдын ала ескертейін, мұнда орысша жазылған.
0 дауыс

Инженер-сметашы

Инженер-сметашы (инженер-сметчик) — құрылыс құнын анықтаушы мамандық категориясы.Олар практикалық немесе теоретикалық қызметтермен - бағалау білімі, смета қалыптауымен, құнды инжинирингпен,  айырбас пен конкурстар ұйымдастыруме, өткізумен айналысады.

Ең алғаш бұл мамандыққа түсінік Ресей Федерациясының кәсіподағының уставында көрсетіліпті. Олардың жұмыс орны - құрылыспен айналысатын компаниялар.

Жұмыс

Инженер-сметашы құрылыс жұмыстарының технологияларын жақсы білуі керек, үлкен ақпарат көздерінен дәл бағыттала білуі қажет, сонымен қатар экономикалық білімі терең болғаны жөн. Тек құрылыс қана емес, қызметтік компьютерлік бағдарламаларды білуі, баға өзгерісіндегі соңғы құжаттар жайлы ақпараттарды пайдалана білуі абзал.

Жәй ғана сурет

Қысқаша айтқанда инженер-сметашы - құрылыс саласындағы алдағы шығыс пен кірісті есептеумен айналысушы мамандық иесі.

0 дауыс
Инженер сметашы - деген қысқаша адами тілмен қарапайым түрде түсіндіргенде, құрылыстың жобасына сәйкес сол құрылыстың шегесінен бастап бітіріп есігін жауып кеткенге дейінгі жұмсалатын шығын құнын есептеп шығаратын адам.
...