Саусағының сызықтары жоқ адамдардың болатыны
рас. Бұл – сирек кездесетін «адерматоглифия» атты
генетикалық ауытқуға ұшыраудың салдары. Мұндай
адамдардың алақаны мен саусақ терісі жалтыр болып
келеді. Қалыпты адамдардікіндей саусақтың иірім
сызықтары болмайды. Ғалымдар мұндай нысаналы
адамдардың өте сирек туылатынын айтады.