+1 дауыс
2.3k көрілді
Қазіргі кірпіш үйдің өзінде аязды күні ауық-ауық пеш жағып отырмаса суып кетеді. Әлі көмір жоқ кезінде нені жаққан? Пеш қалай орналасқан киіз үйде? Қандай аяқ киім киген? Мысалы,  ертеректе1500-1600 жылдары

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Киіз үйге пеш орнатқан дегенді қайдан шығарған? Ата-бабамыз жыл мезгілдерін күнге қарап, айға қарап алдын ала болжап отырған ғой. Сол себепті де қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп, өздеріне жайлы жерлерде паналаған. Киіз үйдің ортасында қазан болған. Сол қазанның астындағы оты өшпеген. Киіз үйдің түндігінен, жанған оттың түтіні шыққан. Сыртынан 3 қайтара киіз оралған, ортасында қазаны тоқтамай қайнаған киіз үйдің жылымауына не ысымауына не кедергі?
0 дауыс
Менің есітуім бойынша киіз үйдегілердің барлығы бір көрпені қымтап, оранып жатқан екен. Оны қайсы бір шығармада оқығанмын.
0 дауыс
Киіз үйдің киізі жазда ыстықты, қыста суықты өткізбеген.
+1 дауыс
.Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған ши тұтып, туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары қи мен ағашты жағып тұра берген.Үйдің қақ ортасында ошақ болады.
0 дауыс
Олар киіздің бір шетін ашық қалдырып сол жерге от жаққан. Сыртын қалың қылып орап тастаған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 24.09.2020 Кітап, Әдебиет сұрақ қойды
...