0 дауыс
438 көрілді
Ұйқы дертіне шалдыққан Калачи ауылының тұрғындары жайлы не білесіздер?

4 жауап

0 дауыс
Белгісіз «ұйқы ауруына»шалдыққан Калачи ауылының тұрғындары биыл толықтай өзге жаққа көшірілмек. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Астана маңындағы елді мекендерді дамыту тақырыбындағы кеңесте мәлімдеді. Айтуынша, тұрғындардың басқа өңірлерге қоныс аударуына ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші кәсіпорындар өз қаражаты есебінен көмектесуге келіскен.
Бүгінде калачилік отбасылардың 57 пайызы көшуге ниет білдіріп отыр. Биылғы қаңтар айының өзінде 8 жанұя өзге жаққа қоныс аударып, жаңа баспаналы болды. «Алдағы ақпан айында тағы 25-30 отбасы қоныс аударады деп күтілуде», - дейді өңір басшысы.
Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Калачиден ең алдымен көп балалы отбасылар көшіріледі. Алдағы 3-6 айға осы істі жоспарлап қойдық. Мәселен, Державинка қаласында 2 тұрғын үйді қалпына келтіру ісі жүріп жатыр. Әр үй болжаммен 250 миллион теңгеге жөнделмек. Онда 150 адам қоныстанады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Есіл қаласында жаңа көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Мұндай шараларды мемлекеттің көмегінсіз, тек ауыл шаруашылығы субъектілерінің қолдауымен жасаймыз. Алдағы уақытта мемлекет те көмек қолын созады деген ойдамын. Көшіру жұмысы 2015 жылдың аяғына дейін бітеді деп ойламын.
Василий Цюпка - отбасымен бірге алғаш болып қоныс аударғандардың бірі. Калачиде 33 жыл бойы тұрған қария астық тиеуші болып еңбек еткен. Бүгінде ол Целиноград ауданының Ақмол ауылына көшті. «Ұйқы ауруын бірнеше рет бастан кешірдім. Қоныс аударғаннан кейін ол індеттен арылдым», - дейді өзі. Василий Цюпкаға жалдамалы баспананы Ақмола облысының «Феникс» акционерлік қоғамы табыстаған. Енді оған жаңа жұмыс ұсынылып отыр.
Василий Цюпка:
Ауылдағылардың көбі, әсіресе қарттар, көшкілері келмейді. Жинап-тергендері бар дегендей. Менің өзім Калачиде 33 жыл тұрдым. Таныс, дос-жарандарымды, қызметтестерімді қимай-қимай кеттім. Оңай емес қой. Осында келгеніме бір аптадай ғана уақыт өтті. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқы басып жүрген жоқ.
Еске салсақ, өткен жылдан бері Калачи ауылын белгісіз «ұйқы дерті» дендеді. Денсаулық сақтау министрлігі, ғалымдар және мамандар сансыз тексеру жүргізгенімен, әлі күнге дейін аурудың нақты себептерін анықтау мүмкін болмай тұр.
0 дауыс
Қазіргі таңда Калачи ауылының тұрғындары белгісіз дерттен әлі құтыла алған жоқ. Ақмола облысының ікімі көшіруге уәде бергенімен, әлі де орындалмай жатыр. Айтуралынша белгісіз дерттің неден екенін анықтамай нақты қоныс аударту қиын деп отыр. Тіпті сол жерге сараптамаға барған Санитарлық Эмидемиологиялық Қадағалау бөлімінің мамандары да өздері ұйықтап қалды. Сондықтан нақты бір нәрсе айту өте қиын. Белгісіз дерт әлі белгісіз.
0 дауыс
Жылға жуықтаған уақыт аралығында талай тексерістер жүргізіліп, талай мəлімдемелер жасалуы тиіс еді. Бəлкім, жүргізіліп жатқан да болар. Алайда, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі халық алдына шығып, бұл дерттің зерттелуі қалай жүргізіліп жатқаны жайлы ашық ақпарат таратып, алаң көңіл жұртты құлағдар етуге асығар емес. Астананың іргесінде тұрса да айтулы шенділердің ауру ошағына атбасын бұрғанын да естімедік. Жақында ғана Ақмола облысы Калачи ауылының тағы үш баласы «ұйқы ауруымен» ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі осыған дейін де бір рет «ұйықтап» оянғандар екен. Аталмыш ауылдың тұрғындарын аты жоқ, диагнозы белгісіз ұйқышылдық дертіжайлағанына бір жылға жақындады. Əйтсе де, еліміздің мамандары тұтастай бір ауылдың тұрғындарын естен тандырған ұйқы дертінің себебін анықтай алар емес. Жалпы 680 адам тұратын ауылда осыған дейін 70-тен астам адам ұйықтап кетіп, дəрігерлер көмегімен есін əзер жиған еді. Біреу емес, екеу емес, тіпті, он шақты адам емес, аты жоқ ауруға 70 шақты адамның шалдығуы республика болып алаңдауға тұрарлық жағдай еді. Ең алғаш ұйқы ауруы бұл ауылда 2013 жылдың көктемінде тіркелген. Науқастар бастың айналуына, ұйқышылдыққа шағымданған. ҚР ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Əлиакпар Мəтішовтың сендіруінше, Калачи ауылының «ұйқы ауруына» шалдыққан тұрғындарының денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ көрінеді. Ал, ертең осы ұйқышылдық ауруы Қазақстанды тегіс жайлайтындай жағдай туса, біз тағы да Қазақстан халқының денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ деп қарап отырамыз ба? Калачи ауылының тұрғындары күн өткен сайын белгісіз дерттің дендеп, күшейіп бара жатқанын айтады. Егер бұрындары ауру сипаттамасына бұл дерттің көктемде, қыс айларында ұзақ уақыт жабық, желдетілмейтін орынжайларда орын алатынын жазса, кейінгі кездері бұл жазда да өршіп кеткен. Адамдар ашық аспан астында, таза ауада жүрген кезінде өздерін жайсыз сезінген. Кейбіреулері бақша суарып жүргенде естен танса, енді бірі мерекелік іс-шарада Шахтерлер күнін мерекелеп жүргенде бойындағы жайсыздықты сезінген. Тіпті, олардың бірі трактордың тізгінінде отырып мызғып кеткен. Ал, белгісіз дертке шалдыққан балалар осы ауылдың Ленин көшесіндегі балалар алаңында ойнап жүргенде ұйқыға кеткен. Айтпақшы, ұйқы ауруына нақ осы Ленин көшесінің тұрғындары жиі шалдығуда. Бəрінің шағымы бір – əлсіздік, ұйқы қысу, бас айналу, жүрек айну. Сондай-ақ, Калачи ауылының тұрғындары «бұрын аты жоқ аурумен ауырғандар жай ғана қалғып, ұйықтап кететін болса, қазір естен танып, айғайлайтын, шошынатын болды, дерт күннен-күнге меңдеп барады» деп үрейленіп отыр. Калачи тұрғындарының арасында екі-үш рет осылай ұйықтап кетіп, бір аптаға дейін ессіз жатқандары бар. Ұйқыға кетер алдында кейбір науқастардың аяқ-қолдары ұйып, көздерінің алды қарауыта бастаса, ендібіреулерінің тізелері дірілдеп, бойларынан əлсіздік сезілген, енді бірінің бастары ауырып, есінен танып құлаған. Ауру белгілері адам шошырлықтай болса да, жауапты орын басшыларының «белгісіз аурудан адам денсаулығына келер зиян жоқ» деген жайбарақаттылығы таңғалдырады. Елді мекенге арнайы комиссия жіберіп, тексеріс жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі де əзірге үнсіз. Бір белгілісі, дəрігерлер дерттің əлі қанша уақыт жалғасарын, əлі қанша адамның бұл ауруға шалдығу қаупі барын тап басып айта алмайды. Өйткені, қойылған нақты диагноз жоқ. Ауылдың айналасында бұрын уран кеніштері болған. Осыған орай, аты жоқ аурудың негізгі себебі «радиациялық уланумен байланысты болуы мүмкін» деп айтылып келген болжам да соңғы кездеріжоққа шығарыла бастады. Ауылды көшіру мəселесі де əлі қолға алынар емес. Аурудың ошағын анықтау үшін түрлі сынамалар да алынды. Бірақ, бəрі нəтижесіз. Қазір Калачи ауылындағы ұйқы дертінің себебін анықтау үшін медицина қызметкерлері мен Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядролық орталық мамандары жұмыс істеп жатыр. Сарапшылар ұйқы ауруына не себеп болғанын анықтау үшін топырақ, су, ауа құрамынан сынамалар алып жəне өсімдіктердізерттеп жатыр. Əдеттегідей біз бұл жолы да Ресей мамандарына жүгініп отырмыз. Шенеу- ніктер белгісіз дерт себептерін ақыры анықтай алмағандықтан, енді ауыл тұрғындарын келер 2015 жылдан бастап басқа жаққа көшіруге бел байлап отыр. Осы мақсатта 2 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда.
0 дауыс
Ұйқы дертіне шалдыққан Калачи тұрғындары кез келген уақытта, кез келген жерде ұйқыға кетеді.

Ұқсас сұрақтар

...