0 дауыс
9.6k көрілді
Ұлы жүз - Дулат шежіресі бар ма?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Дулат, Дулу, Дулуғ, Далу, Далуғ, Доғлат қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Олардың ішіндегі ең жиі ұшырайтыны – дулу (қытай жылнамасы бойынша). Оны кейбір зерттеушілер тулақ (tug-lаg), дұғлы (dug-lу) деп те атайды. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.

Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны Құмтөкей, Алматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу [дулу (көне формасы далуғ, дулуғ)] болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, дулулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Дулулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434-453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 ж. өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші дулулар мен қыпшақтар еді. Дулулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған дулулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 ж. Аспарух басқарған Бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған дулулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Дулу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі.

Демек, ежелгі дулу тайпасы қазіргі татар, башқұрт халықтарының этникалық құрамында да болуы мүмкін. Ал ежелгі Түрік қағандының ата жұртында қалған дулулар үйсіндермен, басмылдармен (арғындар), наймандармен бірге жужандарға (түркі тілдес халық) қарашы болуды, салық төлеуді тоқтатып, 545 ж. өз алдына бөлінеді. Бұл кезде оларға Бумын хан, Истеми (Ябығу) қолбасы болды. Дулу (бертін келе дуғлат, доғлат, Д. атанған) алғашқы Түрік қағанатын құруда үлкен рөл атқарған. С.Е.Маловтың баяндауынша, Күлтегін көне түркі жазуындағы ағайынды Бумын қаған мен Истеми қаған дулу. Грумм-Гржимайлоның пікірінше, дулулар жорық жолдарында қайтыс болған батырлардың басына тас қойып, жорыққа қатысқан рулардың таңбасын салдыруды дәстүр етеді. Талдықорған қаласының солтүстік шығыс жағындағы Дауылбай тауында Дулаттың шеңбер таңбасы (қосымшаларымен қоса) шекілген тастар көп. Мұнда солармен аралас арғынның «көз» таңбасы, найманның «айқыш» таңбасы, үйсіннің «тарақ» таңбасы да кездеседі. Шыңғыстаудағы Көпмолада бұл таңбаларға қыпшақтың «әліп» таңбасы қосылған. Осы таңбалар Қу, Қойтас (Көкшетау облысы) тауларындағы молаларда да ұшырайды. Дулу ханы Истемидің ордасы көне Құяс қаласы қазіргі Алматы облысы Кеген маңында, Жалаңаш сілемінің тұсында болған. Л.Н.Гумилевтің жазуына қарағанда, Истеми өзінің бар өмірін жорықпен өткізеді. Истеми 676 ж. шамасында өлген, оның орнына үлкен баласы Қара Жұрын хан болады. Қара Жұрын қытай, жоңғарлармен алыса жүріп, Жетісу, Мауераннахрды қорғауға күш салады.

Дулу тайпасы Сулу қағанның тұсында үйсінмен одақ құрады. Сөйтіп, 709 жылдан бастап Орталық Азияны жаулап алуға кіріскен Кутейбе ибн Муслимнің Бұхара аймағынан бері қарай асуына жол бермей, 20 жылдан астам уақыт оны бөгеп, Шаш (Ташкент), Ферғана, Әндіжан, Қоқан уәлаяттарын қорғап отырады. Оның тұрақты ордасы Суяб қаласы болған. Сулу сол қалада 738 ж. сатқындар қолынан қаза тапқан. Арабтар Сулудың қайсарлығын шенеп, Абд ул-Мұзақым (Бұзақылар атасы) деп атаған. Дулулар Түрік қағандығы кезінде (6-8 ғасырлар) бес елге бөлініп, Жетісу өлкесінде ықпалын жүргізген. Рашид әд-Диннің айтуынша, олар Шыңғыс хан империясы дәуіріндегі ірі тайпалардың бірі болған. Көптеген тарихи деректерге қарағанда, Дулу тайпасы, әсіресе 14-16 ғасырлар арасында зор ықпалға ие болған. Бұл дәуірде олардан көптеген атақты билер мен бектер шығып, әуелі Шағатай ұлысында билік жүргізеді, кейін Әмір Темір хандығының ісіне араласады. Бауырты, Бұлатшы, Хұдайдад, Камариддин, Әмірдәуіт және Әбубәкір (Шығыс Түркістан мен Жетісуды билеген) т.б. ерекше ықпалды болған. Шағатай әулетінің соңғы хандары Сейіт пен оның баласы Рашидтің кезінде Д-лар бұрынғыдай ұлыс мәселесіне қатыспай, тек әскербасы қызметін атқарған. 15-16 ғасырларда Дулаттардан Мұхаммед Хайдар Дулат («Тарихи Рашидидің» авторы), Махмұд Жорас, Әмір Уәли сияқты оқымысты ғалымдар шықты. Олар өз көздерімен көрген тарихи оқиғалар туралы еңбектер қалдырған. Қазақ халқының үш ұлы биінің бірі Төле би де осы Дулат тайпасының жаныс тармағынан. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат – Ұлы жүз құрамына кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристовтың Ботбайдан шыққан Диқанбай батырдан (1876 ж. ө.) жазып алған шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ анадан (Нұрилә) Жарықшақ туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс тараған.

 

Ал жалпы алғанда қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911-ші жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсысылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күнкөруге әуелде таудың оңтүстігінде өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көлдария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, құдай,

Қабырғама қара жер батты, құдай.

Жаяу жүрсем табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрінің білетін себебі осылайша-дүр.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала: Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала: Шанышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала. Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан Ақтымсопы онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала: Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала: Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен Аспан, Бозғұл: Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Кәрім Бәтішұлы, «Айқап» журналы, 1911 жыл №1




Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Содержание
•1 Казахи и шежире
•2 Современные шежире
•3 См. также
•4 Ссылки

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов. 


Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз 

Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз 

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:
1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.
2. Природно-географические (территориальные) факторы.
3. Военно-политические факторы (для защиты).
4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:
Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.
Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.
Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

0 дауыс
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала: Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала: Шанышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
0 дауыс
Шымыр мен Ботпай кыз алыса ала ма?
...