0 дауыс
495 көрілді
Қамбаш көліне болашаққа қандай жоспар құрылған?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қамбаш көлі туризм аймағына айналады

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Арал ауданындағы Қамбаш көлі жағасында облыстық туризм, дене­шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Қызылорда облысында экологиялық туризмді дамыту мәселелері» атты семинар-кеңес болып өтті.Келер жылы Қамбаш көлі бойынан 1 қабатты 27 орыннан тұратын қонақүй салу жоспарланған. Ол пайда­лануға берілген сәтте шетелдіктер біз­дің өңір тарихымен және салт-дәстүрі­мен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.

Экологиялық туризмді дамыту мәсе­лелері және қонақүйлерді ашу­дың негізгі қағидаттары жөнінде Қазақ­стан туристік қауымдастығы ақпараттық орталығының дәріскері Айгүл Исағұлова хабарлама жасап, жиналғандар назарын бірнеше мәселе­ге аударды. Маманның пікіріне сүйен­сек, жасыл табиғат аясында ашылған қонақүйлерге сұраныс көп болады екен. Ал кейбір демалушылар үй жағдайында тұруға қызығушылық танытатын көрінеді. Себебі, табиғи, құнарлы дәмдердің орны бөлек. Бүгінде экотуризм санатына жататын бұл қызмет түрімен шұғылданушылар қатары көбейіп те келеді.

Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақта­рын­дағы табиғаты әсем елді мекен­дерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары хал-қадірінше жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт.

Қазір экотурзимді дамыту ісі қолға алынып, ол бойынша іс-шара жоспар­ланды. Алдағы уақытта бұл жарқын бастама Қамыстыбас елді мекенінде де өз шешімін табатын болады.

Тарихы терең Арал ауданының Қамбаш көлін туристер келетін мекенге айналдыру бастамасы өте құптарлық. Кеш те болса іске асырылғалы отырған бұл шараны жергілікті жұртшылық көптен күткен болатын. Тіл үйірер дәмді шұбаты мен балығы бар өлкенің емдік шипасы бар суы да талай шетелдіктерді тамсандырары сөзсіз.

Мамандар жиында туристердің емдік қасиеті бар жерлерге көптеп келетінін атап өтті. Олай болса, Қамбаш көліне тынығушылар қатары болашақ­та артады деген сенім бар.
...