0 дауыс
887 көрілді
Шіріген жұмыртқаны қалай пайдаға асыруға болады? Зияны қандай?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Шіріген жұмыртқа» сыйлығының жаңа үміткерлері.

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы қазақ тіліне қарсы шыққандарға арнап «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын тағайындағаны белгілі. Бүгін  сыйлыққа кезекті кандидаттар анықталып отыр. Олар Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхаммет Ертісбаев пен шығармаларын орыс тілінде жазатын, ана тілін менсінбейтін жазушы   Дүйсенбек Нақыпов және мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев.

Ертісбаев «қазақстандық ұлт» идеясының белді қолдаушысы ретінде бұған дейін де танылған. «138-дің хаты» жарияланған тұста да үндемей, қарсы сөз айтпай отыра алмаған азаматтардың бірі осы космополит. Осындай дара қылықтары үшін Ертісбаев көпшіліктің арасында Иртышбаев деп аталып кеткен. Ұлттық мүддеге қарсылығымен  жұрт назарын өзіне аударған Президент кеңесшісін «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсынбау мүлде ұят сияқты.

«Правда Казахстана» басылымының бетіне ұлт, тіл мүддесіне қарсы жұмыс істеп жүрген Дүйсенбек Нақыпов мырза да қалың бұқараның сын садағына қазақ тілін қорғаушыларға қарсы ауыр сын айтамын деп іліккен. Ол «Кому нужен разрушенный Вавилон?» атты мақаласында  «Не знаю, какой бес попутал Мухтара Шаханова, но я по-настоящему поражен его популисткому шедевру. Никто не оспаривает значения поэзии почтенного мэтра, однако стоит задуматься о причинах, побудивших его инициировать это странное, чтобы не сказать антиконституционное письмо» деп буынсыз жерге пышақ  ұрғанын қалың оқырман оқыды. Онысымен өзін толерантты қоғамның жаршысы ғып көрсеткісі келетін автор елдегі ұлтаралық катынасты тіліне қайта-қайта тиек еткен еді. Дүйсенбек Нақыпов мырзаға Ардақ Нұрғайдар есімді бауырымыз «Абай.кз» сайтында жауап жазған да еді.(http://old.abai.kz/content/ardak-nyrgaidar-ashyk-khat-kimderdin-kytygyna...). Өз қағынан жеріген Дүйсенбек мырза да «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын иеленуге талапкер кандидаттар қатарына енуге әбден лайық.

Ұлт зиялыларының қазақ тіліне қатысты ашық хатына қос қолын көтеріп қарсы болған мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев те «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарында. "Для меня спокойствие в стране прежде всего. (...) Я лично считаю, что русскоязычное население будет выступать против",- деген мәжіліс депутаты орыстілді қауым наразылығын алғашқы болып тұтандырды. Біз Мұхтар Тінекеевке орыстілді азаматтардың қандай алғыс айтқанын білмейміз, ал біз, қазақ тілді қауым оны «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарына қостық.

Жұмыртқаның құрамында ақуыз (белок) көп мөлшерде болады...
Жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді...
Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.
–1 дауыс
Пайдасы жоқ, зияны оны жесең қатерлі ісікке тап болуың мүмкін.
+1 дауыс
Шіріген жұмыртқаны жының келген бастықтың (немесе жының келген мұғалімнің) қалтасына немесе сумкасына салып жіберіп өш алуға болады))) басқа қайлай пайдалануға болатынын білмедім)))
...