Қылмыс себептерінің антропологиялық тұжырымдамасы. «Бірде, түн уақытында болып жатқан олқылықтарды көре тұрып, мен үшін қылмыскерлердің мән-мәселесі шешілгені анық болды» - осындай сөздерді, ХIХ ғасырдың 70-жылдары түрме дәрігері Ч. Ломброзо айтқан еді. Оның ойынша, ол қылмыскер белгілерінде қарапайым алғашқы қауымдық адамдардың ұқсастықтарын байқады. «Қылмыскер - бұл өз мінез-құлықтарымен алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар мен төмен тұрған жануарлардың зұлымдығын бойына жинаған атавистік пенде. Адам тумысынан қылмыскер болады. Оның айқын дене белгілері болады». Ломброзо тумысынан пайда болған қылмыскерлердің кестесін жасады – сол кестеде адамның сыртқы белгілері бойынша, автор ойлағандай, тұлғаның сырт келбетінен оның қылмыскер екендігін анықтауға болады. Ломброзо теориясы бойынша дене нормасын моральды пенде деп санап, адам белгілерінің объективті нормалары болатыны туралы пікірлер айтты. Ломброзо іс жүзінде қылмыскер үшін «монғол типтес» нәсіл белгілері тән екендігін дәлелдегісі келді. Яғни, ол еуропалық қылмыскерлерді алғашқы қауымдық адамдарға немесе монғолдарға теңестірді . Әрине, бүгінгі күні бұл тұжырым теріске шығып отыр, өйткені ол нәсілдік көзқарас болып табылады.
Источник: http://reftrend.ru/549468.html