0 дауыс
Қандай жағдайларда неке сот тәртібімен бұзылады?
22.02.2015 2.7k қаралым

4 жауап

0 дауыс
Егер ерлі-зайыптылардың кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары болса, жұбайлардың біреу некені бұзуға келісімін бермесе немесе ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса, онда неке сот тәртібімен бұзылады.
22.02.2015
0 дауыс
Барлық жағдайда неке сот тәртібімен бұзылады. Себебі неке қиылғанда мемлекетке некелі деп тіркелген. Сондықтан оны тек сот қана ажырастыра алады.
23.02.2015
0 дауыс
Аитасыздарма 3 аи болд ажырасканмызға кыздарм акесинде калды сотта оз ара келистик акесинде калсн дедим акеси ууəдесинде турмаи кыздарды корсетпеди енди каита арыз жазып ала аламба кыздармды
27.11.2016
0 дауыс

Неке және отбасы туралы кодексінің 21-бабына сәйкес Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін. 

2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың біреуі бір-біріне мүліктік талаптар болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш берсе, ал екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.
 

20.02.2021
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы