0 дауыс
421 көрілді
Өткізілген тауарлар бойынша шот-фактуралар тізіліміне резидент емес атына жазылған шот-фактураларды енгізу керек пе?

1 жауап

0 дауыс
Салық кодексінің 228-бабына сәйкес, ҚҚС төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған тұлғалар, сонымен қатар қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер болып табылады.
Салық Кодексінің 263-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны жазып беруге міндетті.
Салық қосымша құн салығы бойынша декларация есептілігінің формасын құру тәртібі (300.00 формасы) 2010 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің № 644 бұйрығымен бекітілген Салық есептілігін құру ережелерінде белгіленген.
«Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімі» 300.00 формасының 300.07 39-т. қосымшасында қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер атына жазылған шот-фактуралар тізілімде көрсетілмейтіні қарастырылады.
Осылайша, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге тауарларды, қызмет көрсетулерді өткізу кезіндегі шот-фактуралар шот-фактуралар тізіліміне енгізіледі.
...