Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
( Л.Н.Толстой )
Сенің арманың орындала ма, орындалмай ма, тағдырдың онда жұмысы жоқ. Оның бар мақсаты - сені бақытты ету. Кейде арманыңа жетпесең аспан айналып жерге түсердей көрінеді. Аларманым орындалса, төбем көкке жетеді деп ойлайсың. Бірақ дәйім олай бола бермейді. Тағдырдың сценарийі сенікінен әлдеқайда қызық болуы мүмкін.
( Shin Hae Cheol )
Күндіз-түні күтсек, бір арманға жетсек,
Шыға келер алдан мың арман.
Мың арман болса да,
Алға ұмтыл шаршама,
Алдыңнан шыққанша шын арман.
( Бақытжан Ауданбаев )
Өмірдің мәнін түсіну үшін адамға арман керек.
( Вольтер )
Кейде арманыңның орындалуын асықпай күткен дұрыс. Қант ыдыстың түбінде болады.
Адамды қартайтып көрсететін жүзіндегі әжімдер емес, арманы мен үмітінің жоқтығы.
( Хорхе Анхель Ливрага)
Жолын қуып жаманның
Жұқтырмайтын арға шаң.
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!
(Қадыр Мырза-Әлі)
Мәңгi лаулап жану үшiн ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшiн ғаламда,
Үлкен болып қалу үшiн ғаламда,
Үлкен АРМАН керек екен адамға!
( Мұхтар Шаханов)