+1 дауыс
14.3k көрілді
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне тілектер керек еді?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

      8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі. Аяулы анаға, сүйікті жарға, қызғалдақтай құрбы-қыздарға деген тілек ешқашан бір ауыз сөзбен, бір шумақ жырмен шектелмек емес. Осындай бір сәттерде көңілдің толқуынан, жүректің шынайы қуанышынан айтарға сөз де табылмай қалатын сәттер болады. Сол үшін де осы бір аяулы жандарға арналған СМС тілектерді ұсынамыз. Мұның кейбірін ақын-жазушылардың өлең-сөздерінен алсақ, кейбірін өз шығармашылығымызға сүйене отырып, жазып шыққандай болдық. Әркім өз қалауын алар, ұнағанын таңдар. Соңында, көңілде жүрген тамаша тілектер болса, пікір ретінде қалдырарсыздар. Келе жатқан 8 наурыз мерекесі құтты болсын! 

Аналарды құттықтау

Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана, құтты болсын мерекең,

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

*

Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.

Анашым шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

*

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегімде ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Құрбы қыздарды құттықтау

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,

Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.

Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,

Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.

Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  

Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

*

Аяулы құрбыжан, Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсың.

Әйелсіз-ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

*

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

*

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.

Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.

Сіздер барда ер-азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман-сау жүргейсің.

*

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,

Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.

Әйелдерге немқұрайды қаратын,

Еркекті мен санамаймын еркек деп.

8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!

Сүйікті жарға ақ тілек

Бақытымның бастауы, ғұмырымның шынары, өмірімнің сыңары, бүлдіршін ботақандарымның аяулы анасы, 8 наурыз мерекеңмен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда отбасымыздан шаттықтың күлкісі үзілмесін. Өзіңе бар тілегімді арнап, ғұмырымның соңына дейін қасымда болуыңа тілектеспін.

Өмір бізге артқан екен мол сенім,

Көңіл бізге тартқан сый қып көл сезім.

Ғұмырыма қуат берген қашанда,

«Мәңгі сүйем» дейтін сенің сол сөзің.

Бар ғаламның сұлулығын, сүйіктім,

Тек өзіңмен келбетіңмен өлшедім.

Мерекең құтты болсын, Аяулым!

*

От жанарың күйдірердей күн бетін,

Қызғалдақтан сұлу сенің суретің.

Бұл көктемнің жылылық пен мейірі –

Менің саған арнаған бар құрметім.

Адалдықтың асқары да өзіңсің,

Сені сүю – о бастағы сүннетім.

Сенсіз мынау жарық шашқан күн де түн!

Сенсіз менің ғұмырым да тұл жетім.

Саған деген бар махаббатымды жыр жолы түгілі, ғарыш көктегі құс жолына да сыйдыра алмаспын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулым!

     Өз тілегім. Құрметті айдай ару қыздар, күннен жарық аналар! Күлімдеп жүретін әпке-қарындастар! Сіздерді 8-наурыз ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН.

+2 дауыс

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –8 наурыз Халық аралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.
Сабыр мен төзімнен жаралған Ұлт аналары – аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, мерекелеріңізбен!

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, балатәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
*
Әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.
Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!

Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақтытәрбиелейтін қыздарымыз. "Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында" деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.

Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұсулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген ақ пейілді дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді ............... ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей,
дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?!
Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
0 дауыс
Жақсылықтың нышанындай,
жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,
саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,
жайма шуақ сәулелерін төгетін,
көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,
той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
Осы мерекенің иелері,
бар адамзаттың табынары мен киелері,
қуанғанда қасыңнан табылып,
қиналғанда сүйенері,
мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,
адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған,
қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,
әсем көркімен,
жүрегінің өртімен не бір дана мен данышпандарды табындырған,
сүйсе құлай сүйетін,
нақ сүйеріне жанашыр болып,
бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
0 дауыс
Табиғат,жер дүниенің жаңарып,жасанатын көктем мезгілінің,көңілге қуаныш сыйлай келетін ерекше күні "8-Наурыз Халақаралық әйелдер" мерекесімен құттықтаймын!
Құрметті де қадірлі,аяулы да ардақты аналарымыз бен апаларымыз және қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап,зор денсаулық,мол бақыт,қажымас қайрат,талмас қанат,шаттыққа толы қуаныш,мейірімге толы махаббат тілеймін.Әрқашан мына өмірге сән беріп,жылу таратып,мейірм төгіп,шуақ шашып бақытқа бөленіп жүріңіздер.Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы,сүйікті,қадірлі екендеріңізді,сіздерсіз мына дүние бос екенін үмытпаңыздар.Аққудың ақтығын және сұлулығын тек сіздерге тілеймін!



Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың айасындай гүл бақтың
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың,ардақтысың,данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,анашым.

*

Түсінбеймін, қашан сенің ақ сүтің
Ақталады, менен күткен үмітің...
Аяулы анам, қасіретті, шерлі анам,
Тұл тұрмыстың торы сені шырмаған!

Тілегіңе жетемін деп көздеген,
Тентімеген жерің бар ма, кезбеген?
Ғазиз анам, мейрімді анам, мен деген,
Бақыт дәмін тата алмай бір шөлдеген.

Жанарыңдай үміт етіп аңсаған,
Жақсылықтан не көрсеттім мен саған.
Ақтай алмай сенің төккен теріңді,
Арқалаттым күйігім мен шерімді.

Көрген сайын самайыңнан ағыңды,
Жасырып ой жей береді жанымды.
Көзім түссе мандайыңның сайына,
“Сорлы” деген сөз келеді ойыма...

Жоқ, Анажан! Сені мұндай қорлыққа
Тастамаспын, ап шығармын жарыққа!
(Сүтіңменен бірге сіңген санама...)
Ақ сүтіңнен адал қаным садаға!

Сенгін, ана! Сенгін, ана, балаңа!
Ақ үмітің текке кетпес далаға!
Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы

Аяулы анам, асыл анам, мен деген,
Өтті-ау өмірің қасіретпен, шерменен.

Сенсің, апам, бақытым да, барым да!
Тастамаспын сені от пен жалынға!



Жыл бойы осы бір көктемгі мерекелік көңіл-күйден арылмағайсыз! Сіздің жүрегіңіз тек қана жылылық пен нәзіктікке толсын, сондай-ақ сізге мол бақыт, мықты денсаулық, сәттілік пен махаббат тілейміз!

О, періште Анам!

Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

Жұмақ-кұшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-кыз,
Еңбек сүйгіш Анам!

Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:

Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!

Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
– деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда "Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне!» деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.

Әйел – ана, әйел – асылжар.
Құрметті арулар! Мерекелеріңізбен кұттықтай отырып, қазақтың тамаша ақын қызы Нәзира Бердалының сөзіне жазылған, Бағлан Бәбіжанның әні «Ару-ғұмырды» сіздердің құрметтеріңізге орындап берейін. Қабыл алыңыздар!

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-кезең – әдемі, әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.
Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.
...