+2 дауыс
66.8k көрілді
Қыз есімі. Қазіргі заманға сай қыздың есімі керек?

Мына аттардан бөлек бар болса.
 

Айнұр - ақ айдай нұрлы келеді,
Айгүл - үнемі гүлдей береді.
Айжан - о, жаны сұлу, тартымды,
Айман - мәңгіге сезім себеді.

Айсулу - жүрегі жарық - арайлы,
Айдана - қиылып, әй-әй қарайды.
Әйгерім - пах, қандай өзі әдемі?
Айсара - адалдық, сенім қалайды.

Әсел - тәп-тәтті балдай тамады,
Әсем - әрқашан, әсем қалады.
Асыл - эх, аңсаған арман ғой,
Сауле - жаныңды жаулап алады.

Қарлығаш - қанатты, қайсар қыз дейді,
Сандуғаш - мә, сұлу.. Қайтсын біздейді?
Фарида - табылмас - жылы жүрегі,
Жазира - мінезі қатты, мұз дейді.

Ажар - ажармен - бәрін таң қылды,
Шынар - о, уау! Көзбен талдырды..
Анар - шекердей, ерні қып-қызыл,
Жанар - жанары - мұңға малдырды.

Айтолқын - сөзімен ойды баурайды,
Дариға - еркелеп, көңіл аулайды.
Динара - мінезі ай-хай, баршылық!
Айбөпе - есімі, бәрін ;) жаулайды.

Үміт - оу, шіркін! Сондай... Сөз жетпес,
Талшын - арман-ай.. Ия, ия қол жетпес.
Анель - нәп-нәзік, ғажап, әдепті,
Ардақ - көңілден, естен - еш кетпес..

Қарақат - кірпікке кірпік жалғапты),
Гүлбану - жайдарлы, ашық, салмақты.
Меруерт - күлкісі... Тфай-тфай, дәл күндей,
Арайлым - ақылды, пысық, жан-жақты..

Маржан - бриллиант, жарық күлгені,
Аида - ұнайды жеңіл жүргені.
Толқын - теңіздің соққан - жүрегі,
Жұлдыз - бағалы, жұлдыз - түндегі.

Мадина - арқашан таңдай - жайнаған,
Айсәуле - еліктей тауда ойнаған.
Гүлдана - ерекше, міне

19 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Есімнің ескісі болмайды. Тек мағаналы болсын. Иманнан кейінгі жалғыз жолдасы есімі болады. Сондықтан көпшілігі ырымдап Айша анамыздай болсын деп жатады. Одан бөлек Әминә, Рауана, Фатима, Таңнұры, Тоғжан, Таңсұлу, Жібек сынды кете береді. Бастысы Алла ғұмырлы етсін.
+2 дауыс
Кәусар (жұмақтағы бұлақ),Раяна (Раййан деген жұмақтың есігі), Шахназ,Еркеназ.
–1 дауыс
Мен Зарина есімін ұсынамын сізге. Қазір өте жақсы қолданылады. Зарина сақтың патшайымы болған. Қазір бұл есім Қазақстаннан тыс барлық шет мемлекеттерде қолданылады.

Сосын Інжу, Танабала, Танақыз деген аттар да бар.
+2 дауыс
Есімнің қазіргі заманға сай болуы заң емес,тек мағыналы болса болғаны.
+1 дауыс
Маған Дана, Диана деген есімдер ерекше естіледі, әдемі. Бірақ өзіңіз білесіз.
+1 дауыс
Томирис деген атты усынамын.Оте жагымды естиледи.Немесе Тумар деп койыныз. Адамнын минези атына сай болсын.Бала бауы берик болсын
+1 дауыс
Диана, Қаламқас, Пәтима, Балжан, Руқия, Рая, Алмагүл, Айжан, Алтын, Нәргүл, Нұргүл, Нәзира, Нағима, Бағила, Балауса ж.т.б. Пә шіркін көп қой. Есіме түскені қазірше осылар.
+2 дауыс
Қыздардың аттарының бәрі де әдемі. Қазір ескі қазақша аттарды қоймайтын болды ғой.
+1 дауыс
Қазір көбі Аруна деген есім қойып жатыр.... Маған Дана, Дина деген есімдер ұнайды))
+1 дауыс
ПЕРИЗАТ, БАНУ, ГҮЛБАНУ; НҰРБАНУ, ЛӘЗЗӘТ сынды есімдерді қояға әуестенбесеңіздер екен.
не қиянат көріп едіңіз Бану Гульбанулардан! Өмір сургізбей инвалид кылып, болмаса әке шешенді олтіріппеді?! Каншама адамдар отыр гой абайлап сойлегейсиз. мен мақтан тұтам Гульбану екеніме
Бұл менің субъективті пікірім болатын. Әрине, олардың жеке басыма жасаған қиянаттары жоқ. Ондайдан Алла сақтасын. Тек бұл есімдердің негеізгі мағыналары жайында айтқан болатынмын. Құлаққа жағымды естілгенімен "Перизат" деп жын-перілердің ұрғашыларын айтады екен. Іріткі салудан аулақпын.
0 дауыс

Маған ұнайтын әдемі қыз есімдері- Еңлік,Жібек,Таңшолпан,Толқын,Мөлдір : )

0 дауыс
Негізі есімінің мағынасы жақсы болса болды.Кейін сол қойылған есімі де тағдырына әсер етеді деп жататын еді ғой.
0 дауыс
Айару                                                                                                     .
+1 дауыс
Бұл менің субъективті пікірім болатын. Әрине, олардың жеке басыма жасаған қиянаттары жоқ. Ондайдан Алла сақтасын. Тек бұл есімдердің негеізгі мағыналары жайында айтқан болатынмын. Құлаққа жағымды естілгенімен "Перизат" деп жын-перілердің ұрғашыларын айтады екен. Іріткі салудан аулақпын.
0 дауыс
Өзіме Айша деген есім қатты ұнайды) Сондықтан сізге осы есімді ұсынамын.
...