0 дауыс
2.1k көрілді
Құрайыш сүресі қай тайпаға арналған сүре.
Құрайыш тайпасына болар. Діни сұрақтар қоюға болмайды.
Мен араб тілін енді үйреніп жатырмын сондықтан болатын шығар.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

     Құрайыш әулеті — Исмаил пайғамбар   ұрпақтарынан тараған әулет. Құрайыш әулеті Фихр ибн Мәликтің лақап аты. Ол Мұхаммед пайғамбардың  [Mohamed peace be upon him.svg]  он бірінші атасы. Құрайыш әулетінен Жамх, Саһм, Удей, Тәйм, Құсай, Заһра аталары тарайды. Мұхаммед пайғамбар  [Mohamed peace be upon him.svg]  Құсай тұқымынан саналатын һашим ұрпағынаншыққан. Құрайыш әулеті 440 жылдан бастап Мекке қаласына толық иелік етті. Құрайыш әулеті Қасиетті Қағбаның қарауылы мен қызметшілері болып есептелді. Құран Кәрімнің 106-сүресінде Құрайыш әулетіне қатысты оқиға берілген. Мұнда Эфиопия жерінен Мекке қаласына 571 ж. Қағбаны бұзу үшін келген Әбраһа бастаған христиандар туралы айтылады. Соғыста тығырыққа тірелген Құрайыш әулеті жаратушыға жалбарынып, қасиетті үйді Аллаһқа тапсырады да, өздері тау басына шығып кетеді. Құрайыш әулетінің тілегін Аллаһ қабыл етіп, жаудың тас-талқаны шығады. Құрайыш әулетінің сол тұстағы басшысы Мұхаммед пайғамбардың  [Mohamed peace be upon him.svg]  атасы Абд әл-Мутталиб болған.[1]

Дереккөздер

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы

 

«Құрайыш» сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ

لِإِيلَافِ قُرَيْشٍ {1} إِيلَافِهِمْ رِحْلَةَ الشِّتَاء وَالصَّيْفِ

{2} فَلْيَعْبُدُوا رَبَّ هَذَا الْبَيْتِ {3} الَّذِي أَطْعَمَهُم

مِّن جُوعٍ وَآمَنَهُم مِّنْ خَوْفٍ {4}

 

Түсу себебі

Піл оқиғасы айтылып, Меккеде өмір сүрген құрайыштар сол Қағба мен өздерін сақтап қалған Ұлы Жаратушының елшісіне жәрдем етудің орнына қасарысып, қарсы шыққандықтан осы сүре оларға тағы бір рет ескерту ретінде түсірілген.

1. لِإِيلَافِ قُرَيْشٍ – «Құрайыштың амандығы мен бейбітшілік келісім-шарттарын нығайту үшін». Аллаһ Тағала олардың жік-жікке бөлініп жүргенде біріктіріп сауда жолдарын нығайтып, ахуалын жақсартып, дәулетті еткен. Осыны біле тұра құрайыштықтар Аллаһ Тағалаға шүкіршілік етіп, құлшылық қылудың орнына пұттарға жөнсіз алғыс білдіріп, соларға шүкіршілік етіп, олардың басында құрбан шалып, Құдай Тағаладан теріс айналады. Алайда, құрайыштарға берілген сансыз ырыс пен нығметтерді былай қойғанда, тек Аллаһ Тағаланың шарапатымен керуен жолдары арқылы сауда-саттық жасаулары, өз алдына бір жақсылық‑тұғын. Тым құрыса осы үшін Аллаһ Тағалаға шүкіршілік білдірсе болар еді[1].

2. إِيلَافِهِمْ رِحْلَةَ الشِّتَاءِ وَالصَّيْفِ – «Олардың қысы-жазы жасаған сапарларындағы келісім шарттың қадірін білу мақсатымен». Яғни, Аллаһ Тағала қыста Йеменге, жазда Сирияға жасаған сауда сапарларын құрайыштықтарға жеңілдеткендігі үшін Оған құлшылық қылсын. Құрайыштар сауда үшін қыста Йеменге, жазда Шам жаққа, Басраға сапар шегетін. Сондай-ақ жазда сауда яки дем алу мақсатымен Тайыфқа көшіп, қысқа қарай Меккеге қайта оралатын. Аллаһ Тағаланың сансыз нығметін былай қойғанда құрайыштар ең болмаса осы нығметі үшін

3. فَلْيَعْبُدُوا رَبَّ هَذَا الْبَيْتِ – «Олар осы үйдің (Қағбаның) Раббына құлшылық қылсын». Ақырғы елшінің шақыруын жауапсыз қалдырмай, ақиқатты танып, ортақ қосудан бас тартсын. Піл иелерінің зұлымдығынан сақтаған мына Қағбаның ортағы мен ұқсасы болмаған Раббысына, құлшылық қылсын[2]. Оны Құдай санап, Оның әміріне қарай қалтқысыз құлшылық етсін. Құлшылық Қағбаны құбыла етіп, оның Раббысына жасалуы қажет. Алайда құрайыштар Қағбаға құрмет көрсетіп, оны тауап ететін де, Аллаһ Тағалаға құрмет көрсетпейтін. Қазірде де кейбір дінін толық түсінбеген мұсылмандар Қағбаны қатты жақсы көріп, құрметтегенмен оның Раббысына және Хақ Тағаланың елшісі мен Құранына дәл солай құрмет көрсете алмайды. Бар ғұмырын құбылаға бет бұрып, басын сәждеге қойып өткен тақуа кісілердің рухына құрбан шалып, олар қатты дәріптеліп, ал құрметтелуге нағыз лайық, барлық ырыс-берекенің Иесі, Хақ Тағала қалыс қалуда. Ұлы Жаратушы біздің құрметіміз бен құлшылығымызға мұқтаж емес. Бірақ, оны орындамаған адамдар үшін бұл – үлкен күнә.

4. الَّذِي أَطْعَمَهُمْ مِنْ جُوعٍ وَآمَنَهُمْ مِنْ خَوْفٍ – «Ол оларды аштықтан (құтқарып) тойдырып, қауіп-қатерден аман қылған (Раббысына құлшылық қылсын)». Бұл аяттағы қауіп-қатер дегені, «піл иелерінен» аман сақтап қалуы. Олар келсе Қағбаны ғана емес, меккеліктерді де таптап, ерін – құл, қызын –  қүң етер еді. Бұдан басқа да: أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا جَعَلْنَا حَرَمًا آمِنًا وَيُتَخَطَّفُ النَّاسُ مِنْ حَوْلِهِمْ أَفَبِالْبَاطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَةِ اللَّهِ يَكْفُرُونَ –  «(Мекке халқы) маңындағы адамдар өлтіріліп яки тұтқындалып жатқанда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді ме? Соны біле тұра бос нәрсеге сеніп, Аллаһ Тағаланың нығметіне күпірлік ете ме?»[3] аятында айтылғандай, Меккенің айналасындағы елді мекендерде халық қорқыныш күйін кешіп жатқан-ды. Дүркін‑дүркін бір ел көрші елге шабуыл жасап, үйлерін өртеп, малын барымталап, қызын күң, ерін құл етіп, қарсы келгенін өлтіріп тастайтын. Басқа елдер осылай болып жатқан Мекке халқы бейбіт өмір кешкен. Өйткені, Мекке халқына ешкім тимейтін. Бұл бір жағынан да хазіреті Ибраһим аталарының жасаған батасының арқасында болған еді. Ол: وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَذَا بَلَدًا آمِنًا – «Сол кезде Ибраһим: «Иә, Раббым! Бұл қаланы бейбіт қала ет» деген еді»[4]. Және ол: وَارْزُقْهُمْ مِنْ الثَّمَرَاتِ –«Оларға жемістерден ризығыңды бер[5]»– деген болатын. Ендеше, Аллаһ Тағаланың құрайыштарды бәле-жаладан аман сақтап, мол ризық бергені үшін ғана Оған құлшылық қылуларына жетпей ме?

Аллаһ Тағала олар араб түбегінде, адамдар тыныштықтың не екенін ұмытқан кезде тыныштық өмір нәсіп еткен-ді. Жалғыз жолаушы бір қаладан екінші қалаға аман-есен барулары мұң болған. Саудагерлер де әрқашан табысты бола бермейтін. Жолдарын тосқан қарақшылар әрқашан торуылдап жүретін. Тек қана жолдағы араб тайпаларының көсемдеріне мол ақша беріп өте алған. Алайда меккеліктер бұлардан тыс еді. Олар қалаған жерлеріне аман-есен баратын. Жолдағы қарақшылар бұлардың керуеніне тиіспейтін. Һәм меккеліктер қалада да бейбіт өмір сүрген. Ешбір жан Меккеге келіп зұлымдық жасамаған. Өйткені, араб түбегіндегі халықтар меккеліктерді «Қағбаның қызметшілері» деп құрмет көрсетіп, тиісуге Құдайдың қаһарынан қорыққан. Әрине Әбрәһаның қайысқан қалың қолы бір сәтте талқандалғанын естігеннен кейін, оларға деген өзгелердің құрметтері арта түсуі әбден түсінікті. Меккеліктер жалғыз сапарға шыға алатын. Қарақшылар жолын тосып, тұтқындаса оның: «Мен Қағбаның қызметшісімін, яки, меккелікпін» деген жалғыз ауыз сөзі жеткілікті болған. Оларға бейне бір қасиетті адам ретінде қараған. Қағбаға өздері де мұқтаж, һәм сол аймақ сауда орталығы болғандықтан, меккеліктердің беделі әрдайым үстем тұғын. Міне, өзгелер күтпеген жерден жау шауып қызы мен баласы тұтқындалып бақытсыз ғұмыр кешкен кезеңде, Аллаһ Тағала бұларға осындай бейбіт ғұмыр бергендігін айтып, жалғыз Өзіне ғана құлшылық қылуға әмір етуде.

 Бұл жерге дүниенің төрт бұрышынан саудагерлер келіп, жылда Уқазада жәрмеңкеге жиналған. Сондықтан, меккеліктерге бір жағынан саудадан, бір жағынан Қағбаға зиярат етушілерден көп қаржы түсіп тұрған. Осы мол ырыстың «Оларды аштықтан тамақтандырған» деп, Өзінің меккеліктерге деген шарапатын төккен Аллаһ Тағала оларды шүкіршілікке шақыруда. Және де өткен ғасырда әлемде алапат соғыс болып, жер бетіндегі адамдар сеңдей соғылып, тар жол тайғақ кешіп жатқанда, олар бейбіт өмір сүрген. Ендеше, бұл сүренің қазіргі кезеңге де тікелей қатысы бар. Құран жалпы адамзатқа түскендіктен, бұл сүренің барлық мұсылмандарға да берер тағылымы мол.

 

Бұл сүре Аллаһ тағаланың Мекке халқына берген нығметтерін баяндайды. Атап айтар болсақ: олар сауда-саттық үшін қыста Йеменге, жазда Сирияға сапарға шығатын. Аллаһ тағала Құрайыш тайпасына көптеген нығметтердің ішінде екі үлкен нығмет сыйлаған: ол – қауіпсіздік пен молшылық (байлық).

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!

«Құрайыштың амандығы үшін, (1) Олардың қысқы және жазғы сапарларының амандығы, (2) Сондықтан олар осы үйдің (Қағбаның) Раббына құлшылық етсін! (3) Оларды аштықта тамақтандырып, қауіп-қатерден аман сақтаған (4)».

Аяттардың тәпсірі

1. Құрайыштың амандығы (тыныштығы, бейбітшілігі, ынтымақтастығы) үшін.

Оңтүстікте Йеменнен солтүстікте Шамға дейінгі жалпақ далада Құрайыш тайпасының өкілдері емін-еркін саяхат жасайтын. Мұның себебі, Құрайыш тайпасы Қағбаның жауаптықызметшілері болатын әрі қажылыққа келгендерді күтіп, қажеттіліктерін қамтамасыз ететін.Піл оқиғасынан кейін олардың беделі арта түсті.

Қағбаны Хазіреті Ибраһим ұлы Исмаил екеуі салып бітіп, тазалаған соң, Раббысына былай деп жалбарынады: «Сол уақытта Ибраһим (а.с.) «Раббым, мұны бір қауіпсіз де тыныш қала қыла көр және оның тұрғындарынан Аллаһқа, ақырет күніне иман келтіргендерді әртүрлі өнімдермен ризықтандыр!» деп жалбарынды» («Бақара» сүресі, 126-аят).

Ибраһим пайғамбардың дұғасы қабыл болып, Меккенің қорғалуын Аллаһ өз қолына алған еді. Сондай-ақ тағы бір аятта Аллаһ Тағала былай деп баяндайды: «Маңайындағы адамдар барымтаға ұшырап жатқанда Меккені ардақты және бейбіт мекенқылғанымызды көрмей ме?» («Әнкәбут» сүресі, 67-аят).

Үшін (Ли) – мұндағы «үшін» сөзін муфәссирлердің көпшілігі алдыңғы «Фил» сүресінебайланыстырады. Сонда «Фил» сүресіндегі Аллаһ Тағаланың Меккені Әбраһаның әскеріненқорғағандығы Құрайыштың амандығы үшін болған деген мағына шығады. Алайда «үшін» сөзі өзінен кейін келетін аяттармен байланысты» дейтіндер де бар.

Сонымен қатар арабшада «Ли» сөзінің одағай мағынасы да бар. Ондай жағдайда аяттың мағынасы аздап өзгеріп, «Құрайыштың тыныштығы қандай керемет» деген мағына туындап, Құрайыштың басына қонған бақ-берекеге назар аударылған болып шығады.

2. Олардың қысқы және жазғы сапарларының амандығы үшін.

Оңтүстікте Йеменнен солтүстікте Шамға дейінгі кең өлкеде екі үлкен керуен жолыболған. Бірі арқылы керуендер қыста Йеменге (жылы болғаны үшін) жол тартатын. Екіншісімен жазда Шамға (салқын болғаны үшін) сапарға шығатын. Мұндай керуендер азық-түлік, мата, түрлі бұйымдар тиеп, ақшалай үлкен олжамен оралатын. Сондықтан Мекке халқы бұл керуендердің ұзақ сапарларынан оралуын асыға күтіп, олар келген кезде мерекені тойлағандай бір жасап қалатын. «Амандығы үшін» тіркесі назарды осы айтылғандарға аудару үшін қайталанылған.

Сонымен қатар «Амандығы үшін» тіркесінің алғашқысы жалпы амандықты, тыныштық пен ынтымақтастықты, яғни құрайыштықтардың Меккенің ішінде амандықта, сау-сәләматта екендіктерін білдіреді. Ал екіншісі құрайыштықтардың саяхат кезіндегі, яғни сыртта жүргендегі амандығы жөнінде айтылған.

3. Сондықтан олар осы Үйдің Раббысына құлшылық қылсын.

Сол кездері пұтқа табынушылыққа ден қойып бара жатқан меккеліктер Аллаһқа да сенетін және Оны Қағбаның Иесі, Раббысы деп танитын. Алайда Аллаһқа табынудан гөрі пұттарға көбірек мінәжат ететін.

4. Оларды аштықта тойдырып, қауіп-қатерден аман қылған.

Осы аят арқылы Аллаһ Тағаланың кезінде Ибраһим пайғамбарға берген уәдесін орындап, меккеліктер пұтқа табына бастаған кезде де қорғап-қолдап тұрғандығын айта отырып, мұны істеп отырған пұттар емес, құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың өзі екендігі баяндалған.

Серікжан Еншібайұлы

"Нұр Ғасыр"мешітінің найб имамы

...