+1 дауыс
453 көрілді
21 ақпанда Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррей мен кездесуі керек еді. Бұл бәсекеде кім жеңіске жетті?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Геннадий Головкин. 11раундта жеңді.
0 дауыс
WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин британдық боксшы Мартин Мюррейді он бірінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Бірінші раундты қос боксшы аса ширақ бастаған жоқ, осал тұстарын аңдумен болды. GGG жылдам бірінші нөмірмен өнер көрсетуге ұмтылды. Отандасымыз бұл ұстанған жүйесінен де нәтиже шығара білді. Бірнеше соққыларын дарытты. Екінші раундта да Гена аса көп күш жұмасамай, өз кезегін күтумен болды. Оңтайлы сәтті оңай жібермеуге тырысты. Британдық боксшы үшінші раундта да қорғанумен жүрді. Ал төртінші раундта Мартин Мюррейді гонк дауысы ғана құтқарды. Қазақстандық боксшының жойқын соққысы британдық боксшыны бірнеше рет есеңгіретіп тастады. Мартин Мюррей бесінші раундта бетін қан жуғанда ғана аздап алға жылжуды ойлағандай сыңай танытты. Бірақ, тәжірибелі GGG өз кезегінде мүмкіндік берген жоқ. Қорғанысты да назардан тыс қалдырмады. Құлап қалмаудың қамын ойлап жүрген Мартин Мюррей Геннадий Головкин деңгейіндегі кәсіби боксшы екенін дәлелдей алмады. Оныншы раундта үшінші рет нокдаун алған британдық боксшы он бірінші раундта жекпе-жекті жалғастыра алмады. Спорттық бабын таныта алмаған Мартин Мюррейді төрешілер арашалап алып қалды. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
...