0 дауыс
8.4k көрілді
Есте сақтау қабілетін жақсартатын қандай тағамдар бар ?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/25766/  Осы бетке өтсең толық мағлұмат ала аласың

+1 дауыс
Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар

Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар ретін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Асқабақ дәні

Асқабақ дәнінің құрамында цинк бар. Ол миыңыздың жұмыс істеуін жақсартып, есте сақтау қабілетіңізді арттырады.

2. Грек жаңғағы

Өзге жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағының құрамында Е дәрумені өте көп. Ал Е дәрумені миыңызды түрлі аурулардан қорғайды.

3. Қызанақ

Қызанақ жеу арқылы өзіңізді Альцгеймар ауруынан аман сақтап қала аласыз. Сонымен қатар оның құрамында бос радикалдармен белсенді күресетін ликопин антиоксиданты бар.

4. Какао

Қара шоколадты тек тәтті құмар балалар жемейді. Ол ересек адамдарға да пайдалы. Өйткені жүрек, қан тамырлар аурулары үшін какаоның пайдасы зор.

5. Майлы балық

Скумбрия, макрель, тунец, сардина секілді балықтарды анда-санда болса да жеп тұруыңыз керек. Бұл балықтардың құрамында кездесетін Омега-3 миыңызды белсенді әрі жас күйінде сақтайды.

6. Бидай өнімдері

Бидай өнімдері қан құрамындағы қант теңгерімін бірқалыпты ұстайды. Миыңызды мықты энергетикалық ресурстармен қорғайды.

7. Брокколи

Бұл қырыққабаттың құрамында К дәрумені көп. Ол адамның белсенді ойлауына пайдалы.

8. Көк шай

Көк шайдың құрамында катехин және тианин антиоксиданттары бар. Олар ми қызметін жақсартады.

9. Қара қарақат

С дәрумені қара қарақаттың құрамында көптеп кездеседі. Миға әсері болғандықтан, бұл жемісті көбіне темекі шегетін адамдар тұтынады.

10. Баялды

Бәлкім ойламаған шығарсыздар, бірақ бұл тізімде баялды да бар. Өйткені оның құрамында склероз ауруынан құтқаратын антоцианин көп кездеседі.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде", - деп бекерден бекер айтылмаса керек. Жасымызға жетпей қартайып отырғанша, пайдалы тағамдарды тұтынып, есте сақтау қабілетімізді арттырайық.
+1 дауыс
Таңғы асқа жұмыртқа жеу адамның есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін арттырады.
+1 дауыс
жаңғақ пен әселді араластырып жеу есте сақтау қабілетін жақсартуға өте жақсы рецепт. Шоколад жесеңіз. Глицин деген дәрі бар ол да пайда
0 дауыс
Балық және жаңғақ
0 дауыс
Орамжыпырақ тағамы.
...