+1 дауыс
2.1k көрілді
Қарындасымның туған күніне қандай сыйлық сыйласам болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кәдесыйлар. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша кәдесый да тарту етуге болады. Тек қандай нәрсені жақсы көретінін біліңіз. Қызыңызға махаббатыңызды білдіретін заттарды (қос аққу, қос көгершін, т.б.) сыйға тартсаңыз, жоғары бағалауы ықтимал.

Ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен аксессуарлар да ешқашан құнын жоғалтпайды.

Сөмке. Сөмке  бойжеткендердің сүйікті әрі өте қажетті аксессуарларының бірі. Ешқашан артық болмайды. Сол себепті былғарыдан жасалған трендтегі сөмкені алуыңызға болады.

Қандай сыйлықты алғысы келмейді?

Хрусталь ыдыстар бір кезде таптырмайтын нәрсе болғанмен, қазіргі жастар оны аса бағалай бермейді, оның орнына асүйлік заманауи құрал-жабдықтарды тарту ете аласыз.

Кітап. Кітап  рухани қазына. Бір кезде кітап қолдан-қолға өтетін, таласып жүріп оқитын жалғыз ақпарат көзі болатын. Қолы жеткендер ғана том-том кітап жинап, жеке кітапханасын байытатын. Әрине қазір де кітап оқитын адамдар көп, дегенмен жастар электрондық кітап оқуға көшті. Сондықтан кітапты сыйлық ретінде елестететіндер аз болуы әбден мүмкін.

Қандай затты сыйлаған әдепсіздік болып саналады?

Қызға косметикалық заттар, дезодорант, іш киім, арзанқол бижутерия, т.б. сияқты жеке басқа арналған дүниелерді сыйлау талғамның жоқтығы ғана емес, әдепсіздік болып саналады.
Мәліметтерді қайдан алғаныңызды келесі жолы жаза кетіңіз!!!
+1 дауыс
Жасы нешеде қарындасыңыздың?! 10 жасқа дейінгі қыз балаларға кукла Барби, түрлі ойыншықтар, ертегі кітаптар, 10-15 жас аралығында болса мр3 плеер, брелок, косметикалық сөмке , наушник, ақ -розовый түсті аю,  чехол , зонтик, т.б Ал 15 тен жоғары жастағыларға духи, опа-далап сияқты косметика жинағын, сувенирлер, ұялы телефон ,күміс  сырға-алқа ,фен,  браслет т.б бағалы сыйлықтар сыйласа болады деп ойлаймын.
не берсеңде шын жүрегіңмен қарындасыңды жаксы коріп бер. Мәңгі есінде калады кейін агам меған сыйлаған еді деп барине корсетіп жүретін зат болсын
...