0 дауыс
4.0k көрілді
Либералды көзқарас деген қандай көзқарас? Коммунистік , консервативті, ультраконсервативтік, индифференттік көзқарастар дегеніміз қандай көзқарастар? Анықтама берсеңіздер (қазақша).

1 жауап

0 дауыс

Либералды көзқарас  қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді. Бұған мысал ретінде қазақтың Шоқан Уәлихановын алуға болады.

Коммунистік көзқарастағы адам деп Сәбит Мұқановты айтуға болады екен, мында жазылыпты.Ұлтшыл, елін-жерін сүю және артық адамдарды, теріс саясаттағыларды жою "саясатын" қолдау.

Консервативті көзқарастағы адам саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Оған мысал ретінде Джордж Бушты алуға болады.

Ультраконсервативті көзқарас деп шектен шыққан консерваторлық ұстанымды айтады. Мысалы "Талибан" қозғалысы осы көзқараста, яғни шектен шыққан консерваторлар.

Индифференттік көзқарас деген нейтралдық ұстаным, яғни ешқандай артық дүниетанымдарға қатыссыз. Біздерді мысалға алуға болады, ешқандай артық әрекетте емеспіз.

Соңғы сұрағыңда "қандай көзқарастар бар?" делініпті, мұнан басқа реформизм көзқарасы, маркстік көзқарас, социалистік көзқарас, демократиялық көзқарас, т.с.с. жалғасып кете береді. Көзқарастар өте көп. Олардың көп болуы идеологияға байланысты. Идеология — ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын құрал. Әр идеология өкілінің өз көзқарасы болады. Яғни көзқарастар түрлері шектеусіз кете береді. 

Егер түсініп оқысаң, мына бетті оқуға кеңес берер едім.

 

...