0 дауыс
2.3k көрілді
Мен өзімнің кредиттік историямды қалай ала аламын? Несие тарихы

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанда несие тарихын үйден шықпай-ақ интернет арқылы білуге болады. Мұның бірнеше тәсілі бар. Электрондық-сандық қолтаңба (ЭЦҚ) және банктің төлем картасы болса, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы несие есебін алуға болады. Мұны жылына бір рет тегін, сол жылы қайта алсаңыз, әр алған сайын 400 теңге +100 теңге банктік комиссия төлейсіз. Сондай-ақ, www.myth.kzпорталы мен Бірінші несие бюросының www.1cb.kz сайтынан да алуға болады.  

Сондай-ақ, есепті Бірінші несие бюросынан: Алматы,  Самал-3 ш.а, 25 үй немесе Мемлекеттік несие бюросының кеңсесінен: Алматы,  Абай даңғылы,  10а, «A&F» БО алуға болады. Астаналықтар  - Мирзоян к, 25 немесе Республика даңғылы, 43 мекен-жайындағы ХҚО-нан ала-алады.

Егер алыс өңірде тұрып, интернет қолжетімді болмаса, Бірінші несие бюросы мен Мемлекеттік несие бюросына пошта арқылы жеке куәліктің нотариуспен бекітілген көшірмесі мен несие тарихы туралы есепті беру туралы өтініш хат жіберіп алуға болады.
0 дауыс
Шамасы, қазір оны ЦОН-нан Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады-ау деймін.
0 дауыс
Еgov.kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарих

Электрондық үкімет порталы «Дербес несие есебін алу» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz. порталын әрбір қолданушы өзінің кредиттік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының, «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

Есепті алу үшін Қазақстанның белгілі бір банкінің төлем картасы мен электрондық-цифрлік қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болу керек.

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңының 21бабының 2 тарауы бойынша кредиттік тарих субъектісі, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

Осы қызмет бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайда, төлем 500 теңге (кредиттік бюро тарифі 400 теңге және 100 теңге порталдың төлемдік шлюзі арқылы төлем жасалғандығы үшін банктің комиссиясы) болады.

Жеке кредиттік есептемеде қарыз алушы жайлы жәнеоның оған берілген міндеттемелерді орындауы туралы, тауар немесе қызметтерді несиеге ұсынатын, екінші деңгейдегі банктерден, лизигтік және тағы басқа да компаниялардан келіп түсетін, толық ақпараттар бар болады.

Карыз алушының банктерден және басқа да несиелік ұйымдардан оған түскен, кредиттік тарихындағы сұраныстар саның көруге мүмкіндік береді.

Кредиттік есеп беру қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС мамандарымен жүзеге асырылған.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы  немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
0 дауыс
ЭСҚ(ЭЦП) болса порталдан 10-15 минут ішінде сұраныс жіберіп,алуға болады.
0 дауыс
Бірінші несие бюросы ұялы телефонға арналған қосымша жасалғаны туралы хабарлайды. Бұл қосымшаның көмегімен Қазақстанның кез-келген азаматы:

Несиесі туралы жеке есебін ала алады (несие тарихы)
«Несие тарихын бақылау «Credit Control» қызметіне қосыла алады.
Несие есебіндегі қате ақпараттар туралы дауласа алады.

Жеке несие есебі не үшін қажет?

Несие есебінде несие алушы туралы мәліметтер және алған несиелері бойынша нақты деректер – несиенің жалпы сомасы, несие алу мақсаты, кепілге қойылған мүлік бойынша ақпарат, несие беруші  банк немесе қаржы ұйымы туралы анық жазылады. Сондай-ақ несие алушының банктік қарызды қайтаруы туралы, оны уақытында төледі ма, төлем мерзімінен кешіктіру болды ма, несиесі қашан жабылды туралы ақпараттар да болады.

Қазіргі кезде несие тарихы клиенттің қаржылық төлқұжаты саналады. Банктер мен несие ұйымдары осыған қарап, несие беру әлде бермеу туралы шешім қабылдайды.

Ұялы телефондарға арналған  «Бірінші несие бюросы» қосымшасын мына жерден жүктеп алуға болады.

Android - play.google.com
IOS - itunes.apple.com

Қосымшаны өзіңізге қажетті кез-келген уақытта, «Бірінші несие бюросына» бармай-ақ қолдана аласыз. Қосымша қызметін толық пайдалану үшін ұялы телефоныңызға электронды-сантаңбалық қолтаңбаны орнату керек.
0 дауыс
Қара тізімдегі адамдар несие ала ала ма?
0 дауыс
Қара тізімдегі адамдар несие ала ма?
...