0 дауыс
7.3k көрілді
Жүректің оң жақта болуы адам өміріне қауіпті ме? @Биология #денсаулық #жүрек

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Декстрокардия деп па аталады, декстр - оң, карди - журек деген латын тілінен аударғанда. Ол ешқандай адам өміріне қауіпті емес. Дәл жүрегі сол жағындағы адамдар сияқты, тек оң жағында) Ондай адамдар жүрегінің оң жағында екенін білмей өмір сүреді, тек ЭКГ, УЗИ, рентгенге түскенде ғана дәрігерлер анықтайды. Оларды ЭКГ түсіру қиын мен үшін) бәрі керсінше болады, оң жағын сол жағына, шатастырамын кейде сол кезде. Сирек кездескенімен ондай адамдар баршылық) Өмір жастары да қалыпты адамдардай, кез келген адамда жүрек ауруы болуы мүмкін, жүрегі оң жағындағыларда да, бірақ ол жүрегінің оң жағында болғанының әсерінен емес. Туа пайда болған және жүре пайда болған болуы мүмкін. Жүре пайда болған мысалы сол жақ қабырға аралыққа сұйықтық жиналуы (инфекциялық аурудың әсерінен), бауырдың үлкеюі т.б жүрек жылжып орны ауысады.
Жүрек он жакта бола ма не?
иә, ондай адамдар бар
менің класстас баламның әкесінің жүрегі оң жақта.
0 дауыс
сәлеметсіздер ме! менің де үлкен ұлымның жүрегі оң жағында орналасқан екен.
0 дауыс
Менің журегім оң жағымда. Ішкі құрлысымның барлығы орны ауысып тускен. Бауырым мен өтім сол жағымда. Кішкентай кезімнен білетінмін. Улкейгеннен кейін босанарда ЭКГ УЗИ тусіргенде білді. Бірақ ешқандай денсаулығымда кері əсерін тигізбеген. Сол жағындағы адамдар сияқты омір суріп жатырмын. Туылғанда осылай туылғам.
...