+1 дауыс
2.2k көрілді
Солтүстік американың географиялық орны слайд керек. Өтінем мүмкін болса тез.

1 жауап

0 дауыс
Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.

Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық « көпір » арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны белгілі. Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу кезеңінде күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.

Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.

Материктің ашылу және зерттелу тарихы.1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық.

Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.

ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі
.
...