Егерде жұмыссыз болған жағдайда алименттің мөлшерін сот белгілейді немесе өзара жасалған келісім шарт болу керек...........
Алимент қандай мөлшерде төленуі тиіс? Егер ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында алименттерді төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек. Егер алименттерді төлеу туралы келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді. Алименттер ай сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс: бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысының (1/4) төрттен бірі; екі балаға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының үштен бірі (1/3); үш және одан да көп балаларға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының жартысы (1/2). Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін. Алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/_family/child_/article/alimenty&lang=kk
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы