0 дауыс
9.6k көрілді
ЖОО оқу орнының дипломының жарамдылық мерзімі неше жыл? универ бітіріп одан соң сол дипломы бойынша жұмыс жасамай жүрсе қанша жылдан кейін диплом жарамсыз болып қалады? әлде ондай мерзімі жоқ па? бір кісіге нақты жауап керек болып тұр. мәлімет бір жерден алынған толық болса жақсы болатын еді. Үш жыл, ондай мерзімі жоқ деген жауаптар емес

5 жауап

+1 дауыс
Дипломның мерзімі бітпейді. Тек кейбір мамандықтар ғана квалификациясын көтергізіп отырады....осы жерден оқысаңыз болады http://7advokatov.ru/q/article-10476
Мына мәлімет Россиянікі екен Қазақстаның заңы басқаша болуы мүмкін сондықтан жауабыңды жақсы жауап деп таңдай алмайм Рахмет жауабыңа
+2 дауыс
Кез-келген құжатта жарамдылық мерзімі жазулы тұрады (мысалы жеке куәлікте, жүргізуші куәлігінде.....т.б.). Ал жарамдылық мерзімі жазылмаған құжаттардың жарамдылық мерзімі болмайды, өмір бойы жарамды бола береді
Дипломда болмайды бірақ көп жыл жұмыс істемесе курс оқу керек деген сияқты бір заңдары болуы мүмкінғой
–1 дауыс
І. Преамбула

2010 жылдың 11-12 наурызында Болон үдерісіне қатысушы елдердің Білім министрлерінің ІІ Болон Форумында (Будапешт қаласы, Венгрия және Вена қаласы, Австрия) Қазақстан Болон декларациясына қосылып, Болон үдерісіне 47-ші ел ретінде мүше болды.
Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылу мәртебесіне ие болған және еуропалық білім кеңістігіне толық енген бірінші Орталық-Азиялық мемлекет болып табылады. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы Қазақстан ЖОО-дары мен студенттеріне жаңа межедегі мүмкіндіктер береді:
1) еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын енгізуге;
2) отандық квалификациялық және академиялық дәрежені тануға;
3) оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан ЖОО-лары студенттеріне шетел университеттерінде кредиттерді қайта тапсыруға және керісінше;
5) бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға;
6) жоғары білім жөніндегі қазақстандық дипломдардың еуропалық аймақтарда жарамдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасауға және кез-келген елде түлектердің жұмысқа орналасуына.
Әлемдік білім беру кеңістігінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстан жоғары білімінің халықаралық стандарттармен сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Бұл тарихи қадам жоғары білімнің сапалылығын және жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Болон Декларациясының негізгі ұстанымдарының бірі - оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы.
Алдағы он жылда, яғни 2020 жылға дейін еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын, елдің индустриалды-инновациялық дамуын нығайтатын, білім саласындағы күшті әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейде болуына қол жеткізу.
Қазақстан өз азаматтарының қабілеттері мен мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып, үзіліссіз оқыту арқылы жоғары білім аясын кеңейту жолымен үлкен табыстарға жетуіне болады. Нәтижеге негізделген оқыту мен ұтқырлық білім алушылардың өзгермелі еңбек нарығында біліктілік, белсенділік, жауапкершілік құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
 

ІІ. Ағымдық жағдайды талдау.

Академиялық ұтқырлықты дамытудың шарттары
Қазақстан Республикасының жоғары білімі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарына негізделген. Барлық ЖОО-ларда оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген.
Республикамыздың ЖОО-лары шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
Мамандарды дайындауда үш деңгейлік моделге көшу толықтай жүзеге асырылды: бакалавр-магистр-Рһ.D докторы.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы үш циклден тұрады, әрбіреуіне міндетті (мемлекеттік болып табылатын) компонент – МК және таңдау компоненті (ЖОО және элективті) – ТК енгізілген МК мен ТК-тің орташа арақатысы 60 (50) : 40 (50)-ді құрады. Бұл жоғары оқу орындарына бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда студенттерге жекелеген білім беру траекториясына мүмкіндік береді. Студенттер ТК көлемінде басқа қазақстандық және шетелдік ЖОО-дың пәндерін және кредиттерін меңгере алады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарының академиялық еркіндік шегі ұлғайтылды. Нәтижесінде МК мен ТК-нің арақатысы 30:70-ке әкеледі. Бүгінгі күні бакалавриатта білім алушылар саны - 140533.
Магистратураның білім беру бағдарламалары екі бағытта жүзеге асады: ғылыми және педагогикалық, кәсіптік. Магистратураның білім беру бағдарламасы білім беру мазмұнына негізделген әртүрлі оқу және ғылыми жұмыс түрлерінен, практикалардантұрады. Магистрлік бағдарламаның білім беру компонентіне екі циклге жіктелген пәндер енген; әрқайсысы МК және ТК-тен тұратын базалық және кәсіптік пәндер
Магистрлік бағдарламада академиялық еркіндік басым: ғылыми және педагогикалық бағыттағы МК-32% болса, кәсіптік бағыт – 29-31% құрайды.
Магистрлік бағдарламаның жалпы көлемдегі білім беру бөлігі ғылыми және педагогикалық бағыттағы пәндер 74%-дан, кәсіптік бағыттағы пәндер – 78-80%-ға дейінгісін құрайды; кәсіптік дайындықта – кемі 24 кредит, оның 19 кредиті білім беру компоненті (оқыту мерзімі - 1 жыл) және кемі 36 кредит (оқыту мерзімі - 1,5 жыл), оның 28 кредиті - білім беру компоненті.
Ғылыми және педагогикалық дайындықта – кемі 46 кредит, оның 34 кредиті - білім беру компоненті. Бүгінде магистратурада білім алушылар саны 10,0 мың адамды құрайды, оның ішінде 5,9 мың магистрант мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. 2010-2011 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын бір магистрантқа орташа есеппен 396,0 мың теңге бөлінген.
Магистр кадрларды дайындау лицензиясын 118 ЖОО иеленген, оның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 9 акционерлік, 5 мемлекеттік емес, 61 жеке оқу орны бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистрлер дайындауды 56 ЖОО-на және 2 ҒЗИ жүзеге асырады.
Қазақстанда жалпы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін 148 ЖОО және 162 ҒЗИ атқарады.
 
ЖОО-ның ПОҚ саны 3960 адамды құрайды, оның 17346-ның (43,8%) ғылыми дәрежелері бар.
Ғылым докторларының орта жасы – 56,8 жас болса, ғылым кандидаттары – 48,5 жасты құрайды. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың жасы ортадан асқан, яғни қартаю үрдісі байқалады.
Ғылыми потенциалды магистрлер арқылы күшейту мақсатымен ЖОО- лар 10729 адамға, ҒЗИ – 1066 адамға, мемлекеттік орындар – 1670 адамға сұраныс білдірген.
Қажеттіліктен туындаған сұранысқа сәйкес 2011 жылдан бастап магистратурада мемлекеттік тапсырыс көлемі 5000 орынға дейін көбейтілді: ғылыми мен педагогикалық, кәсіптік арақатынасы 60:40 (ғылыми және педагогикалық - 3500 орын, кәсіптік магистратура - 1500 орын).
Докторантураның білім беру бағдарламасы екі бағытта жүзеге асады: ғылыми және педагогикалық, кәсіптік, философия докторы (РһD) жоғары академиялық дәрежесі немесе кәсіптік сала бойынша доктор. Докторантурада оқу мерзімі – 3 жылдан кем емес.
 
Докторантураның білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік дайындығын, ғылыми мамандандырылған бағыт бойынша пәндердің терең оқытылуын қарастырады.
Білім берудің докторлық бағдарламасы екі бірдей компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми. Білім беру компоненті жалпы көлемі 30 кредиттен тұратын базалық және салалық пәндерді қамтитын теориялық оқытудан тұрады.
Базалық пәндер циклы бойынша МК жалпы көлемнің 40%-н құрайды, ал салалық пәндер циклі ТК толығымен көрсетілген. Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми-зерттеу/ эксперименталды-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жарияланымдардан, докторлық диссертацияны жазудан тұрады.
Шетелдік серіктес-университеттердің болуы міндетті шарт болып табылады. 2005 жылдан бастап эксперимент түрінде Республиканың ЖОО-да РһD докторларын дайындау бағдарламалары енгізілді.
Алғашқы рет екі ЖОО-да: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жүргізілді. Жыл сайын осы қатарға қосылып отырған ЖОО-лар саны көбейіп келеді. Қазіргі уақытта 29 ЖОО, оның ішінде 16-сы мемлекеттік тапсырыс білім беруді қамтамасыз етеді.
2008-2010 жылдар аралығында алғашқы 184 РһD докторы бітіріп шықты: оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан – 112 адам, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ден - 72 адам.
Қазіргі таңда докторантурада білім алушылардың саны- 540 адам, оның ішінде 497 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады. 2010-2011 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын бір докторантқа бөлінген қаржының орташа құны 1270,0 мың теңгені құрады.
РһD докторларын дайындаудағы алғашқы тәжірибе жетістіктермен қатар кемшіліктердің де бар екендігін көрсетті.
Жетістіктері:
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
- қазақстандық білім беру бағдарламасын әлемдік деңгейге көтеру;
- докторантураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда шетелдік профессура, ірі ұлттық және шетелдік компаниялардың эксперт-практиктерін тарту;
- шетелдік инновациялық білім беру әдістемесін пайдалану және оның қазақстандық ЖОО-дан кейінгі білім беру стандартына бейімдеу.
Ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауда тиімді өзгерістермен қатар магистратура мен докторантура жүйесінде төмендегідей проблемалар да бар:
- білім беру жүйесін ұйымдастырудың әлсіздігі, себебі барлық оқу материалы өз бетінше оқуға беріледі;
- магистранттар мен докторанттардың көпшілігі шетел тілін қажетті деңгейде меңгермеген, бұл мәселе олар үшін алдыңғы қатарлы ғылыми негіздерге қол жеткізуге кедергі жасайды, олардың халықаралық деңгейдегі тиімділігін төмендетеді;
- қорғалған магистрлік және докторлық диссертациялар нақтылы ғылыми нәтижеге бағытталмағандығына байланысты сапасы нашар болып отыр.
Сараптамалар көрсеткендей, ЖОО-лар РһD докторларын дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды сақтамайды, жоғары академиялық дәреже тағайындауға берілген мүмкіндік барлық жағдайда жауапкершілікпен атқарылмайды.
Докторлық диссертация қорғауға қойылатын талаптар төмендетілген.
- ғылыми-педагогикалық кадрлар арасындағы сәйкестікті институционалды қамтамасыз етудің жоқтығы: маман, ғылым кандидаты және ғылым докторы, магистр және РһD докторы біліктілік талаптарында түсініспеушілік туғызады.
- ғылыми ұйымдар, олардың зор ғылыми мүмкіндігі (кадрлық, ресурстық, зертханалық, зерттеушілік) ғылыми кадр дайындаудың бұл түрін жүзеге асыруда сырт қалып отыр.
Жалпы алғанда ЖОО-лардың білім беру қызметінде Болон декларациясының негізгі постулаттарының жүзеге асырылуы қажетті деңгейде емес:
- білім алушылардың академиялық ұтқырлығы дамытылмаған;
- білім алушылардың пән, бағдарлама және ПОҚ таңдау мүмкіндігі шектелген;
- оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда дәстүрлі әдістерді пайдалану орын алып отыр;
- білім беру бағдарламалары салғастырыла берілмейді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім сапасын көтерудің ең басты құралы – академиялық ұтқырлық.
Берлиндік коммюникеде (2003ж.): «Студенттердің, академиялық және әкімшілік қызметкерлердің ұтқырлығы жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін құрудың негізі» деп көрсетілген.
 

ІІІ. Академиялық ұтқырлықты дамытудың көрінісі

Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.
Қазіргі таңда білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.
Студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығынан Erasmus бағдарламасына 1987 жылдан бастап 1,9 млн. адам қатысты. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға әлемнің 30 елі, Еуропа университеттерінің 90%, 31 мемлекеттен 3100-дан астам ЖОО қатысады.
Erasmus Mundus бағдарламасы стипендиясының екінші консорциумы аумағында 2009-2010 жж. Қазақстанға 20 стипендия тағайындалды (бакалавриат – 9, магистратура – 5, докторантура – 3, докторантурадан кейін – 1, оқытушылық - 2).
Tempus ІV бағдарламасының 10 жобасына 2008 жылдан бері қазақстандық 15 жоғары оқу орны, 67 студент, магистранттар мен оқытушылар қатысып келеді.
Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) 80 меморандум негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып отыр.
Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.
Сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Шетелде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 3000-дай иегері әлемнің 27 елінде білім алуда. Бұл қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі академиялық және мәдени интернационализациялауды нығайтуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу сапаларын жақсартуға әсер етеді.
Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол жан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.
Академиялық ұтқырлыққа нормативтік-құқықтық және институционалдық қолдау жасау
Қазіргі таңда Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты дамыту тәжірибесін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бір академиялық кезеңде шетелдік жоғары оқу орындарына жылына 20-ға жуық білім алушы жіберіледі. Алайда барлық ЖОО бірдей білім алушы меңгерген кредиттерді шетелдік жоғары оқу орнында қайта тапсыруды жүзеге асыра бермейді.
Осыған байланысты кредитті қайта тапсырудың нормативтік-құқықтық актісін дайындау қажет. Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде интеграцияланудың (кірігудің) әлсіздігіне байланысты Болон үдерісінің академиялық ұтқырлық ұстанымдары айтарлықтай деңгейге жете алған жоқ.
Білім алушыларға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде жекелеген пәндер бағдарламаларын меңгеру мүмкіндігін беру үшін, оқытудың өлшемдерін қамтамасыз ету, жетістіктерін салыстыру мақсатымен КАЕЖ – кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі типіндегі кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық жүйесі жасалды.
Теориялық білім алушының аудиториялық және өзбетімен жұмысының Қазақстандық 1 кредиттік еңбек сыйымдылығы бакалавриатта - 45, кәсіптік магистратурада - 60, ғылыми-педагогикалық магистратурада – 75, доктарантурада -105 сағатты құрайды.
 
Білім алушының академиялық ұтқырлығын және білім беру бағдарламасын қамтамасыз етуде Қазақстандық кредитті еуропалық білім беру кеңістігіне сәйкес КАЕЖ кредитіне аудару қажет.
КАЕЖ шамасында академиялық кредит дегеніміз – пәнді оқытуда аудиториялық және өзбетімен жұмыс кезіндегі еңбек сыйымдылығының бірлігі. КАЕЖ 1 кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең.
Жалпы оқу жүктемесіне аудиториялық сабақтардан басқа, білім алушының өзбетімен жұмысының келесі түрлері: эссе, мәнжазбалар, курстық жұмыстар (жобалар), лабораториялық жұмыстар, аралық, ағымды, қорытынды бақылауға дайындық, диплом жұмысының материалдарын жинақтау мен орындау жұмыстары кіреді.
КАЕЖ оқу жұмысының бір жылғы еңбек сыйымдылығы 60 кредитпен бағаланады (семестрде білім алушы 30 кредит, ал триместрде 20 кредит жинақтайды)
Оқу жылының ұзақтығы 30 апта емтихан, қорытынды бақылау тапсыруға 6 апта беріледі.
Еуропа елдерінде бакалавриатта оқу ұзақтығы 3-4 жылды құрайды, соған сай 180-240 сынақ кредитті жинауды талап етеді.
Пәннің КАЕЖ кредитіне сәйкес қайта есептеуде ҚР кредиттерін КАЕЖ кредитінің коэффиценттеріне аудару қажеттілігіне байланысты КАЕЖ-ң 1 кредиті төменде берілген коэффицентке сәйкес аударылады:
бакалавриат бойынша – 1,5-1,8;
кәсіптік және ғылыми-педагогикалық магистратура бойынша – 2-2,4;
докторантура бойынша – 2,7 - 3,2.
Осыған сәйкес кредиттер толық бірлікте қалыптасады.
Қурстық жұмыстардың(жобалар) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына енеді.
Жоғары оқу орындарында институт және факультет бойынша КАЕЖ үйлестірушісін тағайындайды.
Институт үйлестіруші оқу мекемелерінде КАЕЖ тетектері мен ұстанымдарын белгілейді, инститтут бойынша барлық құрылымдардың жұмысын бақылайды, үйлестіреді.
КАЕЖ координаты ПОҚ және білім алушыға КАЕЖ-ң оқу және практикалық үйлестірушісі кеңес береді.
КАЕЖ бағалау шкаласына 5 балдық бағалау жүйесі енеді (А-дан Е-ге дейін), FX бағасы, оны өзгертуге болады және кредитсіз F бағасы.
ҚР білімді бағалау жүйесіне 10 балдық рейтинг, әріптік жүйесі негізінде 10 бағадан құралады (А-Д) және берілген кредит меңгеріледі.
Білім алушылардың жетістіктері мен кемшіліктері балдық рейтингілік әріптік жүйесіне сай КАЕЖ бойынша бағалау төменде берілген кестеге сай жүзеге асырылады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалудың балдық-рейтингілік жүйесін КАЕЖ бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі

ECTS бойынша бағалар Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы  Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А А 4,0 100 Өте жақсы
В В+ 3,33 85
Жақсы
С В 3,0 80
D С 2,0 65
Қанағаттанарлық
Е D 1,0 50
FX, F F 0 0 Қанағатанарлықсыз

 

Балдық-рейтингілік жүйесін КАЕЖ бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі.

 

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы  Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар КАЕЖ бойынша бағалар
А 4,0 95-100
Өте жақсы
А
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы В
В 3,0 80-84
Жақсы

С
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69

Қанағаттанарлық

D
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54 Қанағаттанарлық E
F 0 0-49 Қанағатанарлықсыз FX, F

 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру туралы құжаттардың шет елдерде тануын қамтамасыз ету үшін және академиялық ұтқырлық жөніндегі мәселелердің тиімді шешілуі үшін болашақта елімізде (Ұлттық Аккредитацилау орталығын қайта құру негізінде) Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.
Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдардан ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жылына дейін созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар толыққанды білім алады, тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе жылдық курстан өтеді, бұл дегеніміз – студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген сәттен жалғасып есептеледі. «Базалық ЖОО» деп біз студенттердің алғашқыда оқуға түсіп, дипломын алғысы келген ЖОО-ны айтамыз.
Болондық үдерісте академиялық ұтқырлықтың екі түрін ажыратып көрсетеді: «тігінен» және «көлденеңнен». Ұтқырлықтың тігінен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да толық білім алуы, ал ұтқырлықтың көлденеңнен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да белгілі бір шектеулі мерзімде білім алуы (семестр, оқу жылы).
Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция (бірігу, кірігу).
Мақсатты көрсеткіш (индикатор): 2020 жылға дейін білім алушының 20%-ы бір академиялық кезең мерзімінде шетелдік ЖОО-да білім алады.
Жүзеге асу мерзімі: 2011-2020 жылдар аралығы.
Күтілетін нәтиже: 2020 жылға дейін академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Болон үдерісі аумағында міндетті ұсынылған көрсеткіштер орындалатын болады. ЖОО-да ғылыми-зерттеу институтының педагогикалық құрамы және ғылыми құрамы күшейтіледі.
Академиялық ұтқырлық төменде көрсетілген жағдайларға:
1) әлемдік білім беру кеңістігінде қазақстандық білім берудің интеграциясына;
2) білім сапасының өсуі және адамдық құндылықтардың даму деңгейіне;
3) шетел университеттері бағдарламаларын қазақстандық білім беру бағдарламаларымен қатар қоюға және мойындауға;
4) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудегі интернационализациялаудың күшеюіне себепші болады:
 

ІV. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру тетігі

1. Білім алушы өз қалауымен басқа жоғары оқу орнын таңдай алады (мемлекеттің өз ішінде немесе шет елде), білім алу үшін қажетті пәндердің тізімін анықтап және бағдарлама үйлестірушісіне сұраныс бере алады.
ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушілік қызметін халықаралық ынтымақтастық басқармасы (бөлімі) жүзеге асырады.
2. Білім алушылардың сұранысы негізінде бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (одан әрі -министрлік) мақұлдауымен басқа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасауды ұйымдастырады. Бұл ретте серіктес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы өз елінде аккредитациядан өткен және білім берудегі аккредитацияланған ұйымдар мен аккредитацияланған білім беру бағдарламаларының реестрында тіркелген болуы тиіс.
Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін, білім беру және материалды-техникалық, ақпараттық және интеллектуалды ресурстарды белсенді қолдану үшін ұлттық университеттердің консорциумы құрылады, оның мақсаты келісім-шарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық Тараз декларациясына қол қойған ЖОО-лар арасында жүргізілетін болады.
3. Одан кейін ЖОО-серіктестің ресми шақыруының негізінде білім алушылар жеке оқу жоспарын құрады және оны кафедрамен немесе факультет деканатымен мақұлдайды.
4. Одан әрі білім алушылар бағдарлама үйлестірушісіне келу мақсаты көрсетілген сұранысты, келу орны мен мерзімін, тіл үйрену курсын, мамандығын, ұсынылған қаржыландыру көздерін көрсетеді.
Сұраныс-негіздемеге қоса кафедра меңгерушісінің жазбаша мінездемесі, ЖОО-серіктестің оқуға қабылдау туралы жазбаша растауы, жеке оқу жоспары мен сынақ кітапшасының көшірмесі беріледі.
5. Одан әрі бағдарлама үйлестірушісі білім алушылар арасындағы конкурсты жүргізетін комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Іріктеу конкурсының негізгі шарттары мынадай: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі (шет тілі бойынша тест тапсыруы жөнінде сертификаттың болуы).
6. Бағдарлама үйлестірушісі білім алушылармен, яғни іріктеу конкурсынан өткендермен үш жақты (білім алушылар, жіберуші және қабылдап алушы ЖОО арасында) келісім-шарт жасауды ұйымдастырады, Ұлттық компаниялар, әлеуметтік серіктестер есебінен білім алуға жіберілген жағдайда төрт жақты келісім жасалады. Келісімде міндетті түрде білім алушының жеке мәліметтерін (Т.А.Ж., жіберуші ЖОО, елі), оқып үйрену жолдарын (қабылдап алушы ЖОО, елі), жеке оқу жоспарын: пәндердің тізімі, оның ішінде қабылдаушы ЖОО-да оқу үшін таңдалған пәндердің коды көрсетіліп, кредит саны (ұлттық кредиттік жүйеге сәйкес), КАЕЖ кредит саны, оқу семестрі анық көрсетілуі қажет.
7. Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру төменде көрсетілгендей есепке сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін:
* республикалық бюджет қаржысы есебінен;
* ЖОО-ның бюджеттен тыс қаржысы есебінен;
* ұлттық компаниялар гранты, әлеуметтік серіктестер, халықаралық қорлар ұсынған қаражаттан;
* білім алушының жеке қаражатынан.
 
8. Білім алушылар қабылдаушы ЖОО-да оқу орнының ережесіне сәйкес әкімшілік қабылдау шараларынан өтеді.
9. Білім алушылар қабылдаушы ЖОО-ға келгеннен кейін өз ЖОО-на транскрипт пен аванстық есепті ұсынады (республикалық бюджет есебінен, ЖОО қаржысынан білім алған жағдайда).
Транскрипт негізінде білім алушыға қазақстандық кредит жүйесін КАЕЖ (ЕSТS) типті кредит жүйесіне қайта есептеу арқылы жүзеге асады.
10. Оқу жылының қорытындысы бойынша ЖОО Министрлікке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылардың саны және ЖОО-серіктес туралы мәлімет, оның аккредитациялануы, білім беру бағдарламалары және оның жұмыс жасау мерзімі туралы мәлімет береді.
 

V. Тұжырымдаманың жүзеге асу мүмкіндігіне негіз болатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020ж.ж. мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚРМБС 5.04.19-2008 «Жоғарғы білім. Бакалавриат – негізгі ережелер».
3. ҚРМБС 5.04.033-2008 «ЖОО-дан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер».
4. ҚРМБС 5.04.033-2008 «ЖОО-дан кейінгі білім. Докторантура. Негізгі ережелер».
5. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі (ҚРБжҒМ 22 қараша 2007 жылғы №556 бұйрығына және оның 30.07.2010 жылғы №404 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына сәйкес).
Мына берген мәліметіңді өзің оқып шықтыңба? мен оқып шықтым
иа оқып шықтым птичка басасынба өліп талып жіберген еңбегім барғо.
Бұл жерде ешқандай сұрағына жауабы жоқ қой, бұл жауапты өшіремін
Сенің оған не қатысын бар саған жіберіп жатқан жоқпынғо excuse жіберіп жатырмғо басын жасамайма.
Меніңда сонша оқып шыққан еңбегім бар өзің оқып шықсаң жібермес едің
дұрыс емеспа қателесіп кеткен болдымғо.
0 дауыс
Дипломның мүлдем істемегендегі жарамдылығы 5 жыл. Ал егер 1-2 ай істесе өмір бойына жарайды. Әрине зейнетке шыққанша.
0 дауыс
Диплом  неше жылға жарамды
...