0 дауыс
68.1k көрілді
Маған қызыл кітапқа енген балықтар туралы міндетті түрде кереке.Балықтар туралы көп мәліметтер жоқ.Тауып бересіздер ме?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақ балық Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе Каспий теңізінде кездеседі; ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары. Туыстың жаңғыз түрі — 2 түр тармағы: сылан және Ақ б. (S. leucichthys). Ақбалық ауызы үлкен дақтарсыз. Жақтарында тістері жоқ, ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг ұрғашысы еркегінен ірілеу. ТМД-да Каспий теңізі, Еділ және Жайык өзендері кездеседі. Уылдырық шашады. Жыныстық жетілуі 5-7 жылға созылады. Өмірінде 1-2 рет(2-3 жылдан кейін) уылдырық шашуы қыркүйек-қарашада, өсімталдығы әлсіз жабысқақ 250 мың. астам уылдырық. Жыртқыш уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Екі айлық шабақтар жыртқыштық өмір сүреді. Қымбат балық. Еділге гидроқұрылыс жұмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан.[1] Қазақстанда Ақ балықтың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма – Зайсан (Ертістің орта және жоғ. ағысы) және Еділ (Каспий т-нің солт. мен Жайық өз. бойы) популяциялары бар. Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында, судың темп-расы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 мтереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. Ақ балық – жыртқыш балық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Сонымен қатар әр түрлі омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан Жайық өзенінен Ақ балықтың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. Ақ балықтың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары. 

 

Тұқытәрізділер отряды – Cypriniformes. Тұқытектестер тұқымдасы – Cyprinidae.

Шип немесе Арал бекіресі — Арал, Азов және Қара теңіздерінен, Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен және оған құятын өзендердің сағаларынан ауланады. Балқаш көліне жіберіліп, жерсіндірілген. Оның еті дәмділігі мен тағамдық қасиеті жағынан бекіренің етінен сәл төмендеу.

Арал бекіресі, пілмай (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.

Каспий және Арал теңіздерінде кездеседі; Балқашта жерсіндірілген.
Дене тұрқы 210 см, салмағы 60 кг-дай.
Аталығы 9 – 13, аналығы 13 – 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі.
Уылдырығын шашу үшін сәуір – қараша айларында өзендерге өрлейді.
Өзендерде қыстап шығып, наурыз – мамыр айларында су температурасы 10°С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршақ топырақты жерлеріне шашады. Тіршілік ортасына сәйкес Арал бекіресінің қорек құрамы өзгеріп отырады.
Арал бекіренің еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр, сондықтан кезінде өте көп ауланған.
Арал бекіресі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

0 дауыс
Қаяз
Арал албырты

Ақбалық

Арал бекіресі
0 дауыс
акку,буркит,кокиказ
...