Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі: = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі. [1]
Бірқалыпты қозғалған нүктенің жылдамдығы (), сан жағынан, нүктенің жүрген жолының (s) сол жолды жүруге кеткен уақыт аралығына (t) қатысына тең: = s/t, жалпы жағдайда: =ds/dt. Ж. векторы нүкте траекториясына жанама бойымен бағытталады. Егер нүкте қозғалысы x, y, z декарттық координаттарға байланысты тәуелділікті өрнектейтін теңдеулермен берілсе, онда: , мұндағы x= dx/dt, y= dy/dt, z= dz/dt, ал Ж. векторының координат осьтерімен жасайтын бұрыштарының косинустары сәйкес түрде мынаған тең: x/, y/, z/. Жылдамдықтың өлшемділігі: LT–1. Жылдамдықты, әдетте, м/с-пен (бірліктердің халықаралық жүйесінде), кейде км/сағ-пен өлшейді.
Бір қалыпсыз (айнымалы) қозғалыс
Нақты жағдайларда денелердің қозғалысы ешқашан дәлме-дәл бір қалпыты болмайды. Дене бірдей уақыт аралықтарында әр түрлі жол өтетін болған қозғалысты бір қалыпсыз немесе ' 'айнымалы қозғалыс' ' деп атайды. Айнымалы қозғалыс жолдық νор орташа жылдамдығымен және лездікжылдамдығымен сипатталады.
Орташа жылдамдық
Дененің S жүрген жолының осы жолын жүрген t уақыт аралығына қатынасын орташа жолдық жылдамдық деп атайды. νор=S/t S жол және t уақыт – скалярлық шамалар, сондықтан орташа жылдамдық – скаляр. [3]
Нүкте қозғалысының жылдамдығы
Нүкте қозғалысының жылдамдығы - нүктенің орын ауыстыруының осы орын ауыстыру өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын нүкте қозғалысының сипаттамасы.
Нүктенің жылдамдығы
Нүктенің жылдамдығы - нүкте қозғалысының кинематикалық өлшемі, берілген санақ жүйесінде нүктенің радиус-векторынан уақыт бойынша алынған бірінші туындыға тең. Траектория бойындағы нүктенің жылдамдык-векторы сол нүктеде траекторияға жүргізілген жанаманың бойымен қозғалыстың бағытына қарай бағытталады.Жылдамдық векторы- жылдамдыктық модулі мен жанамабірлік вектордыңкөбейтіндісіне тең вектор.
