Ежелгі заманда балбал тастар не үшін орнатылып қойылған?

+1 дауыс
6.3k қаралым
Ежелгі заманда балбал тастар не үшін орнатылып қойылған? Балбал деген сөз не мағына береді?
• Санаты: Қоғам

2 жауап

+1 дауыс
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «балбал» сөзі — «адам бейнелі тас мүсін» деп келтірілген.



Ғалымдардың пайымдауынша, тас мүсіндер негізінде дүниеден өткен адамдардың ескерткіштері ретінде орнатылып, нақты бір адамдардың тастан қашап жасалған кескіндері болып табылады. Атақты ортағасырлық саяхаттанушы Гильом де Рубрук өз жазбаларында қыпшақтар жерленген адамның құрметіне қорған үстінде қолына ыдыс ұстаған адамның тас мүсінін шығысқа қаратып орнататынын жазады (Плетнева С.А., Половецкие каменные изваяния, Москва,  1974).

Әдетте тас мүсіндердің беттері көбінде шығысқа қарап тұрады. Бұның себебі ерте дәуірдегі түркі тайпалары мен халықтарының салт-санасы мен тәңірлік танымына байланысты болса керек. Мүсін тастарды қашап орнатуда белгілі бір тұлғаның көне түркі қоғамындағы орны, әскери-саяси ықпалы, ел ішіндегі абырой-беделі жан-жақты ескерілгені байқалады. Бірінің малдас құрып, енді бірінің түрегеліп тұрып ғұрыптық ыдыстарды қолда ұстап бейнеленуі — осыдан сыр аңғартады. Тіпті бiреулерінің қару-жарағынан бастап шаштарының өрілгені мен құлақтарындағы сырғасына дейін анық көрінеді.

Дерек көз: http://balbal.kz/kz/page/view?id=1
Белгісіз
0 дауыс

Артық емес, кем емес, екі сұрағыңа толықтай жауап берейін:

Балбал сөзі бал+бал, яғни соғу, қағу, үру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Бірақ бірыңғай мағынаны білдіретін ұғым. Түркологтардың пікірінше,«тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді.

Бейіт басына құлпытастарды қою – қазақтың ата-баба аруағын ардақтауынан, оған сиынуынан дүниеге келген дәстүр. Яғни аруақтарды, ата - бабаларды құрметтеу, қастерлеу үшін қойған.

Ұқсас сұрақтар

127,810 сұрақ
322,407 жауап
153,154 пікір
72,846 қолданушы