0 дауыс
44.9k көрілді
Баяндау, əңгімелеу, суреттеу, монолог, диалог деген не?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Баяндау деген бір іс-əрекет не жағдайды түбегейлі айтып беру.
Əңгімелесу екі немесе одан да көп адамдардың əңгіме айтуы, сөйлесуі
Суреттеу бір зат, адам, жер туралы айту. Соған сипаттама беру
Монолог бір адамның өзінің ішкі жан дүниесі, ойы туралы жалғыз өзі айтып беруі.
Диалог екі адамның əңгімелесуі
+1 дауыс

Баяндау - әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиеттежәне әдістеме ғылымында қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақ прозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр. 

Әңгімелеу – тұтасым, байласым және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық-сөйлеу формаларының бірі. Шығарма мазмұнын құраушы бірлік ретінде әңгімелеу мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық, психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды жинақтаған категория. Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. 
Суреттеу - әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады.

Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.

Диалог – (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. 

Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

Диалогта келесі айтылғандар орын алады:

  • Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;
  • Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;
  • Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.
...