Шашты бояуға бола ма?
Ассалаумағалейкум ағалар! Сіздерге қояр сұрағым бар еді. Ер кісіге шашын бояуға болама? Мәселен, мен шашымды қара түске бояғым келеді. Шаш бояуға шариғат қалай қарайды?Жалпы шаш бояу дұрыс па?
Уағалейкумуссалам! Ислам дінінде шаш бояуға болады. Өйткені, Алланың Елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Христиандар мен Яхудилер (шаш, сақалдарын) боямайды. Сендер оларға ұқсамай, керісінше әрекет етіңдер»[1], – дей отырып, шашты, сақалды бояуға рұқсат еткен. Мүмкіндік болса, қына секілді[2] химиялық қоспалары жоқ, табиғи бояуларды қолданғаныңыз жөн[3].
Алайда, шашын қырау шалған жасы ұлғайған кісілер ағарған шашын боямағаны абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): Сендер ақ шаштарыңды жұлмайынша немесе боямайынша ол сендердің нұрларың болып қала береді[4]», – дейді. Ал, бояған жағдайдың өзінде қара түске боямауы тиіс. Сахаба Әбу Бәкірдің әкесінің ағарып кеткен шашын көріп Алланың Елшісі: «Шашының түсін өзгертіңдер, бірақ қараға емес»[5], – деген.
Болады екен бояуға. Кешірім сұраймын. Бірақ, қара түске емес.