+1 дауыс
381 көрілді
осы сайтта блог деген не?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздер блог әлеміне жаңадан келіп жатқан қолданушы болғандықтан, блогтың мағынасын, онда не жазуға болатынын дұрыс түсінбей жүрген шығарсыздар, өйткені сапалы блогтардан бұрын шаблонды, шығарма блогтар көптеп жазылып кетті.

Блог – бұл былайша айтқанда электронды күнделік. Бәріміз бұрын күнделік жазған шығармыз? Онда сіз әдебиеттен берілген шығарманы жазбайсыз ғой, немесе қоғамды толғандырған мәселені жазбайсыз. Тек, өзіңіз түсінген, түйген, СІЗДІ толғандыратын мәселелерді жазасыз. Блог та сондай. Сіздерге түсінікті болу үшін блогқа не жазуға болатыны жайлы бірнеше пункті атап өтейін:

1. Өз өмірізден қызықты бір оқиғаны жазыңыз. Оқырмандар да сондай оқиғаларын естеріне алып, қостап пікір жазады. Ол үшін оқырманға ой салыңыз, "сіз қалай ойлайсыз" дегендей...

2. Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Сіз бірдеңені қолданып көрдіңіз делік, қандай нәтиже берді немесе бермеді? Мысалы, жаттығу залына бардыңыз, ондағы нәтижелеріңіз, қандай жаттығу түрлерін қолдандыңыз, баптаушыңыз қандай кеңес берді және т.б.

3. Соңғы оқыған кітабыңыз. Мысалы, бір кітап сізге керемет әсер етті немесе түкке тұрмас кітап па? Оның авторы кім, ол жайлы не қызықты білдіңіз? Немесе кітаптың жазылу барысында бір қызықты оқиғалар болған шығар. Бірақ әр нәрсенің екі жағы болатынын ескеріңіз: кітаптың кемшілігімен қатар, артықшылығы болары хақ.

4. Бір сұрақтарға байланысты сіздің пікіріңіз. Мысалы, қоғамды дүрліктірген бір мәселеге қатысты пікіріңізді блогта жариялаңыз. Неге олай ойлайсыз, бәрін дұрыстап, дәлеліңіз болса нақтылап жазыңыз.

5. Шоу, концерт, фильм, телехикаяға байланысты ойыңыз. Несі ұнамады, керісінше несі ұнады. Әрдайым кемшілігі мен қатар, артықшылығын да жазуға тырысыңыз.

6. Сізге қатты әсер еткен оқиға. Көшеде, автобуста, таксиде бір оқиғаларға куә болдыңыз немесе әңгіме естіп қалдыңыз. Соған байланысты пікіріңіз: қарсысыз ба, немесе қолдайсыз ба...

7. Өлең, әңгіме. Әрине, шығармашылығыңызбен бөлісу дұрыс. Алайда, оны бірінен кейін бірін жариялап, оқырманды мезі етпеңіз. Әдемі сурет таңдаңыз, соған сәйкестендіріп өлеңді де әрлеп қойыңыз.

8. Алдын ала көрсетілген санаттар бойынша жазба. Сұрақ-Жауап сайтының блогында көрсетілген санаттар бойынша жазба жазуға болады.

Қысқаша айтқанда, блог – сіз жайлы айтуы керек. Тек сіздің шынайы ойларыңыз, сезіміңіз, әсеріңіз. Біреуге ұнайтын, біреу үшін жазба жазбаңыз. Және блогыңызға аз пікір жазылып жатса, немесе тіптен пікір жазылмаса - қапаланбаңыз. Сіз дұрыс мәселені қозғауыңыз да мүмкін, оқырман сізбен келісіп отырған болуы керек, сол үшін де басын изеп кетіп қалған да шығар. Көбіне пікірлер қарама-қайшылық тудыратын блогтарда көп жазылады. Оқырманды ойландыратын, пікірін білдіріп кетуге мәжбүрлейтін тақырыптарды жазуға тырысыңыз. Сонымен қатар, сізге пікір жазылсын десеңіз, өзіңіз де басқа блогтарға пікір жазып, белсенділігіңізді көрсетіңіз. Жарқындылығыңызбен көзге түссеңіз, бұл адам блогына не жазды екен деп, сіздің блогыңызға да қызығушылық туатын болады.

Қызықты блогтар көбейе берсін!

Мына жерден алынды http://massaget.kz/blogs/7804/
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/blog/81/блог-туралы-блог
https://surak.baribar.kz/blog/402/блог-деген-не-блогқа-не-жазамыз
...